Қалмақстан жұрттың елден кетуімен күреседі
ЭЛИСТА. 18 қаңтар. Ресей Федерациясындағы Қалмақ автономиялы республикасының билігі мұнда тұратын жұрттың елден кетуін тоқтатуға бар күшін салады. Бұл туралы АРД сайты хабарлады.
Республика басшысы Бату Хасиков аймақтың дамуына осында тұратын адамдар санының тікелей әсер ететініне сенімді.
«Біздің команда жерлестерімізді республикаға қайтару жолында көптеген жұмыстар жасайтын болады, – деді ол. – Біз Калмыкияны әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясы секілді бірқатар бағдарламалық құжаттар дайындап отырмыз. Олар жағдайды күрт өзгертіп, бұл жақтан ешкімнің кетпеу жағын қарастырады».
«Аймақтың дамуы мұнда тұратын адамдардың санымен тікелей байланысты, – деді Хасиков бұдан әрі. – Алайда ондаған жылдар бойы Қалмақстанда тұратын кісілердің жақсы жағдай іздеп, сыртқа кетуге мәжбүр болғандары рас».
Республика басшысы енді бұлай болмауы үшін барлық жағдайды жасауға құштар болып отыр.