«Би-би-си» радиосының орыс редакциясы бүгін осындай хабар жариялады.
Журналист бұдан тура 20 жыл алдын, 2006 жылғы 7 қазанда Мәскеудің Лесная көшесіндегі өз үйінің кіреберісінде атып өлтірілді. Тергеу осы қанқұйлы қылмысқа тапсырыс берушілерді ақыры анықтай алмай-ақ қойды.
Анна Политковская Ресейдегі тәуелсіз журналистиканың символына айналды. Оны жұрт өткір де көкейкесті, әділ де адал жазылған материалдары үшін жақсы көрді, құрмет тұтты, сонымен бірге бұл қаламгердің дұшпандары көбеюіне ді себеп болды.
«Би-би-си» қаза табарынан бірнеше ай бұрын Анна Политковскаядан сұхбат алған еді. Ол 2006 жылғы қараша айында BBC Two арнасында ағылшын тілінде жарық көрді, ал бүгін оның қаза табуына 20 жыл толуына қарай сол сұхбат бірінші рет орыс тілінде жарияланып отыр.
Журналист осында Ресей президенті Владимир Путиннің адамдардың да өз құқықтары бар екенін түсінбейтінін, оларды өзінің құлдарындай көретінін айтады.
USD




