Ректорлары жаңаша тағайындалатын жоо-лар аталды
Астана, 17 тамыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық университеттердің ректорлары мен басқа да бірқатар ұйымдардың басшыларын тағайындаудың тәртібін өзгертті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы осыған байланысты тиісті жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес, аталған мекемелердің бірінші басшыларын саланың іс-әрекетін реттеуші тиісті өкілетті органдар тағайындайды. Жауапты лауазымдарға кандидаттар іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Тағайындаудың жаңа тәртібі төмендегі ұлттық жоо-ларды қамтиды:
1. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
2. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
3. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті;
4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
5. Қазақ ұлттық аграрлық университеті;
6. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;
7. Қазақ ұлттық өнер университеті;
8. Т.К. Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы;.
9. С.Д. Асфендияров атындағы ұлттық медициналық университеті;
10. Казахская национальная академия хореографии;.
11. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.
Мұның алдында президенттің Ұлттық музей мен «Астана Опера» театрының директорларын тағайындамайтыны хабарланған болатын.