25 Тамыз, 10:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кадыровшылар күн сайын өте көп шығынға ұшырап жатыр

15 Мамыр 2022 22:28
- Жаңалықтар, Тіршілік
Кадыровшылар күн сайын өте көп шығынға ұшырап жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 15 мамыр. РФ армиясы құрамында шайқасып жүрген Шешенстан әскери бөлімшелері күн сайын көптеген сарбаздарынан айырылып қалуда. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

«Кадыровшылар күн сайын соғыста зор шығынға ұшырауда, бірақ оны әскери командование мұқият жасырып бағып отыр», – делінген хабарламада.

Ресей журналистері Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровқа бағынатын бөлімшелердің күн сайын көптеген жауынгерлерінің қаза тауып, жараланып қалып, қатардан шығып жатқанын мойындады. Бірақ мұның бәрі PR-технология арқылы мұқият жабылып-жасырылып жатыр.

Ресейдің «Важные истории» басылымының журналистері Шешенстан билігіндегі мәнбелер мен қаза тапқандардың туыстары деректеріне сүйене отырып, мұның бәрін паш етіп тастады.

Шынында Ресей әскерилерінің Украинада ұшырап жатқан шығындары соғыс басталған алғашқы күннен қатты жасырылып, барынша төмендетіліп көрсетіліп келеді.

Мұндай жасырушылықтың Кадыров сарбаздарына да қатысы бар. Сол себеппен Ресейдің ресми мәліметі тек 13 шешен жауынгері ғана оққа ұшты деп беріп отыр. Ал онымен көрші Дағыстаннан 123 сарбаз қаза тапты деседі…

Украина бас барлау басқармасы Украинаға басып кірген РФ армиясы қатарында 2,5 мыңға жуық Шешенстан жауынгерлерінің болғанын анықтады.

«Былай қарағанда, жауынгерлік машықтары мен рухтары жоғары сияқты болып көрінетін, жақсы жабдықталған 2,5 мың Кадыровтың тиктокер жалдамалыларының 100-ге жуығы, – тіпті белсенді ұрыс қимылдарына қатысып жүрмесе де, – осы кезге дейін жер жастанды, 300-ге жуығы жарақат алып қалды және 600-ден астамы қару-жарақтары мен киім-кешектерін тастап, Украинадан қашып кетті», – делінген хабарламада.

Барлау Кадыров содырларының Украинаға шабуылдың екінші эшалонында келіп, тек тұрғын үйлерді тексерумен, кепілге алынғандар мен бейбіт тұрғындарға зәбір берумен, үйлер мен сауда орындарын тонаумен және қиратумен айналысқанын баяндайды. Одан қалды, украин әскерлері тастап кеткен елді мекендер мен нысандардың фондарында суретке және видеоға түсіп, тиктокерлік пиармен әуестенеді.

Кейін кадыровшыларға соғыстың алдыңғы шебінен қашқан ресейлік солдаттарды атып тастау тапсырылды.

Қазіргі таңда Шешенстаннан келген оккупанттар Луганск және Мариуполь бағыттарына қоныс теуіп алып, елді мекендерді тонаумен және өздерінің «ерліктері» жайлы сюжеттерді TikTok арқылы көрсету үшін роликтерге түсумен әуре болып жүр.

Таңбалар: кадыровшыларсоғысшешендер

Ұқсас мақалалар

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
РФ СІМ отандастарын ұзақ уақыттық соғысқа дайын болуға шақырды
Жаңалықтар

РФ СІМ отандастарын ұзақ уақыттық соғысқа дайын болуға шақырды

08.08.2026
Ресей енді қарақшылық үшін сотталғандарды да контрактімен әскерге ала береді
Жаңалықтар

Ресей енді қарақшылық үшін сотталғандарды да контрактімен әскерге ала береді

05.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist