Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық
Елді қорғауға тілек білдірген 363 адам түрмеден босатылды
КИЕВ. 11 сәуір. Украина президенті Владимир Зеленский елді қорғауға тілек білдірген 363 сотталушыға рақымшылық жариялап, түрмеден шығарды. Бұл туралы Segodnia.ua хабарлады.
Украина заңнамасы мемлекет басшысының ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық етуіне мүмкіндік береді.
«Украина президенті қарулы басқыншыларға тойтарыс беру басталғалы бері сотталғандарға рақымшылық беру туралы үш рет жарлық берді, соның арқасында 363 сотталушы бостандыққа шығып, қазір жасанған жаумен шайқасып жүр», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ сотталғандар арасында қазір қолдарына қару алып, оккупанттармен соғысуға тілек білдірушілердің көбейіп келе жатқаны айтылды.