Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Шойгуден әлі хабар жоқ. Оның кеше жиынға қатысқаны айғақсыз

МӘСКЕУ. 25 наурыз. РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың кеше Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқаны өтірік болып шықты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков кеңес отырысына қатысушылардың тізімін жариялап, оның ішінде Шойгуді де атап өткен еді. Бұдан кейін сол отырыстан берілген сюжет пайда болды.

Бірақ бұл қулық пен мекерліктің ғұмыры ұзаққа бармады. Мұны журналистер артынша әшкерелеп қойды. Мысалы, Кремльдің басты рупорларының бірі – РИА «Новости» бұл жайында: «Шамасы, Қауіпсіздік кеңесі отырысының өткені шындық болуы керек. тек онда Шойгу болған жоқ. Онда тек сюжетті монтаждап беріп, ұсыну ғана орын алды» деп атап көрсетті.

Агенттік тіпті түсінбейтіндерге «көрермендердің қайда қараулары керек екенін» білдіріп, арнайы зум (көріністі жақынату) жасағандарын да атап өтеді.

Айта кету керек, Ресей басылымдары Шойгудың 11 наурыздан бері көпшілік алдында көрінбегенін жазып жатыр. Олар 24 наурыздағы сюжетте де оның тура 3 және 11 наурыз күндергі киімдерімен «отырғанына» айрықша назар аударады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button