АСТАНА. 31 тамыз. Мемлекет басшысы Аида Ғалымқызы Балаеваны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындау жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамыз күні Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің аппараты құрылды.
«Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң Вице-президенттің және Премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін. Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар жаңа лауазымды – Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тағайындаудан кейін Аида Балаеваны қабылдаған Президент Қауіпсіздік кеңесі аппаратының құрылуына байланысты оған бірқатар міндет жүктеді. Жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады.
Аида Балаева бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарған. 2025 жылғы 1 желтоқсанда Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалған еді.
Ал Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды.
USD




