14 Қараша, 03:11
RAST.kz
USD USD 444.3 ₸
EUR EUR 490.91 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаңарған Қауіпсіздік кеңесінің атқаратын қызметі ауқымы анықталды

11 Қыркүйек 2026 22:41
- Жаңалықтар, Қоғам
Жаңарған Қауіпсіздік кеңесінің атқаратын қызметі ауқымы анықталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 11 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның жаңадан жасақталған дербес аппараты туралы ережені бекітті. Бұл туралы Kapital.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жарлыққа сәйкес, Қауіпсіздік кеңесі мен оның аппараты туралы ереже бекітіліп, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Төрағасы орынбасарының өкілеттіліктері айқындалды.

Қауіпсіздік кеңесі мен оның аппаратына жаһандық сын-қатерлерге, ішкі ахуалдың өзекті аспектілеріне жан-жақты талдау жүргізу міндеті жүктелді.

Қауіпсіздік кеңесі Төрағасы орынбасарының құзырына Қауіпсіздік кеңесі Төрағасының актілері мен тапсырмаларының, Қауіпсіздік кеңесі шешімдерінің, соның ішінде шұғыл отырыстарында қабылданған шешімдердің мүлтіксіз әрі толық орындалуын бақылау, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілетін арттыру, заң мен тәртіпті сақтау салаларындағы іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру кіреді.

Қауіпсіздік кеңесі Төрағасының орынбасары ақпараттық және киберқауіпсіздік, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану, дербес деректерді қорғау, сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғаныс мәселелерімен айналысады.

Бұдан бөлек, Қауіпсіздік кеңесі Төрағасының орынбасары жоғарыда аталған шараларды іске асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіріп, халықаралық байланыс орнатады, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесі аппаратының қызметін ұйымдастырады.

Қауіпсіздік кеңесінің аппараты өз алдына дербес мемлекеттік орган ретінде Президентке тікелей бағынады және есеп береді.

Орган ұлттық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бақылау ісін жетілдіру және күшейту, мемлекетті басқарудың орнықтылығын қамтамасыз ету, Қауіпсіздік кеңесі Төрағасы мен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі қызметіне институционалдық тұрғыдан қолдау көрсету және олардың шешімдерін орындау шараларымен айналысады.Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, халықаралық аренадағы ұлттық мүдделері мен конституциялық жүйенің негіздерін сақтауды көздейді.

Таңбалар: Қауіпсіздік кеңесіміндеттеріреформа

Ұқсас мақалалар

Тоқаев: Жемқорлық – мемлекеттік компаниялардың ең осал тұсы
Жаңалықтар

Тоқаев: Жемқорлық – мемлекеттік компаниялардың ең осал тұсы

13.11.2026
Мемлекет басшысы әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды

27.09.2026
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін тағы да бірқатар кадрлармен толықтырды
Әлеумет

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін тағы да бірқатар кадрлармен толықтырды

05.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • СЫРБАЗ

    СЫРБАЗ

  • АРАЛ, НҰРТУҒАН, НЕГИМОВ ЖӘНЕ АМАНЖОЛ…

  • Қызылордада Сахи Романовтың 100 жылдығына орай өткен суретшілер симпозиумы аяқталды

  • Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті

  • Трампты қандай тағдыр күтіп тұр?

  • Қазалы ауданының екі іргелі елді мекеніне «көгілдір отын» келді

  • Тоқаев: Жемқорлық – мемлекеттік компаниялардың ең осал тұсы

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 444.3 ₸
EUR EUR 490.91 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist