АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Шешенстанда Украинадағы жауынгерлер үшін намаз оқылады

ГРОЗНЫЙ. 21 наурыз. Бүгін түнде Шешенстан астанасындағы мешітте Украинада соғысып жүрген жауынгерлер үшін ұжымдық намаз оқылады. Бұл туралы REGNUM хабарлады.

«Шешенстанда 21 наурыз күні түнде республика тұрғындарының Украинадағы арнайы соғыс операциясына қатысып жүрген әскери қызметкерлерді дұға тілейтін ұжымдық намаз оқылады. Ол республиканың бас мешіті – «Шешенстанның жүрегінде» өтеді. Жұртты ұжымдық намазға Шешенстанның басшысы Рамзан Кадыровтың қызы Хадижат Кадырова шақырып отыр», – делінген хабарламада.

«Хадижат Кадырова басқаратын мектепке дейінгі білім беру департаменті бұған енжар қарамайтын барлық бауырлары мен қарындастарды бүгін түнде сағат 01:00-де орталық мешітте бас қосып, ұжымдық тахаджуд намазына шақырады», – деп жазды шешен лидері өзінің Telegram-каналында

Аймақ басшысы Рамзан Кадыров бұл іске селқос қарамайтын барлық азаматтардың одан шет қалмауын сұрайды. Оның айтуынша, дінге сенушілердің міндеті – өздерінің дұғалары арқылы соғысып жүрген ресейліктердің аман қалуларын тілеу.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button