26 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әйел қатты ұйқыдан тұрғасын 20 жылдық жадынан айрылып қалды

31 Қаңтар 2022 13:45
- Жаңалықтар, Тіршілік
Әйел қатты ұйқыдан тұрғасын 20 жылдық жадынан айрылып қалды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЛОНДОН. 31 қаңтар. Англияның Эссекс графтығындағы Брейнтри қаласында тұратын бір әйел кешке ұйқыға жатты да, оянғасын соңғы 20 жылдағы оқиғаларын ұмытып қалды. Бұл туралы New York Post хабарлады.

Қазір жасы 43-ке келіп отырған Клэо Маффетс-Рис болашақ күйеуі Скоттпен 1995 жылы пабта танысады. Содан бері бірге тұрып келген. Екеуі 2008 жылы ресми түрде үйленеді. Олардың қазір Джек және Макс деген екі ұлы бар.

Клэр журналист болып қызмет істеген екен. Сонымен бірге, балаларының тәрбиесімен де түбегейлі айналысыпты.

Бірақ 2021 олардың өмірлері күрт өзгеріп кетеді. Әйел бір күні кешке өзін өте нашар сезінеді де, төсекке ерте жатып қалады. Ол Макстың тұмауы жұққан екен деп ойлайды.

Келесі күні таңертең ұлы оны оятпақшы болып, біраз жұлқылайды. Бірақ әйел қыңқ етпестен жата береді. Содан кейін ол ауруханаға жатқызылып, өкпеге жасанды желдету аппаратына (ИВЛ) қойылады. Кейінірек арнайы клиникаға ауыстырылады.

Невропатологияда бірнеше рет анализ алынғаннан кейін айрықша пациенттің миы энцефалиттен зақымданған деген шешім шығарылады. Осыдан кейін оның күйеуі мен туған-туыстарына «жаман жағдайға дайындала беріңдер» деген хабар беріледі. Алайда, жасалған ем оған әсер ете бастайды. Сөйтіп, 16 күннен кейін ИВЛ-дан ажыратылады.

«Менің оянғаннан кейінгі бірінші сұрағым «Мысықтардың жағдайы қалай?» деген болды», – дейді ағылшын әйел. Оған мысықтардың бірі бұдан көп жыл алдын мәңгіге ұйықтатылып тасталғаны, екіншісі бір апта бұрын өз ауруынан өлгені жеткізіледі. Содан кейін ғана Маффет-Рис өзінің ұмыт болған соңғы 20 жылдық өміріне ептеп саңылау кіре бастағанын айтады.

Әйел енді өзінің барлық туыстары мен таныстарын тани бастайды, бірақ көп оқиғаларды естен шығарып алғаны байқалады. Скотт оған екеуінің тойы мен бірге демалған сәттеріндегі суреттерін көрсетеді. Мұның бәрін Клэр ұмытып қалған болып шықты. Дәрігерлер бұл кейіпті энцефалиттен кейінгі ахуал деп түсіндіреді. Енді оның жады қайтып оралатынына сенім жоқ.

«Мен күйеуімнің құшағында тұрғанымда одан ағатайым Майклдың бұдан үш ай бұрын обырдан, ағатайым Питердің жеті жыл бұрын жүрек талмасынан, немере бауырым Тэштің 2018 жылы кенеттен  қайтыс болғандарын естіп, еңіреп жыладым», – дейді әйел. Ол кезінде бұлардың бәрінің жаназаларына қатысқан екен, бірақ ұйқыдан оянғаннан кейін ұмытып қалыпты.

Ауруханада бес апта жатқаннан кейін Клэр шығарылған, сөйтіп, ұлдарымен қауышқан. Ол кеселханада жатқанда, пандемия салдарынан аналарымен жолығуға рұқсат етілмеген.

 

Таңбалар: АнглияжадКлэр Маффет-Рисұйқы

Ұқсас мақалалар

Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)
Жаңалықтар

Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)

19.07.2026
Англия Норвегияны қосымша уақытта ұтып, жартылай финалға шықты
Жаңалықтар

Англия Норвегияны қосымша уақытта ұтып, жартылай финалға шықты

12.07.2026
Англия азшылық саппен алаң иесі – Мексиканы жеңіп, ширек финалға шықты
Жаңалықтар

Англия азшылық саппен алаң иесі – Мексиканы жеңіп, ширек финалға шықты

06.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist