22 Шілде, 05:07
RAST.kz
USD USD 469.59 ₸
EUR EUR 536.22 ₸
RUB RUB 5.96 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)

19 Шілде 2026 10:34
- Жаңалықтар, Сайыс
Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МАЙАМИ. 19 шілде. Бүгін түн жарымы ауа ойналған әлем чемпионатының қола медалі үшін таласта Англия құрамасы Франция терме жамағатын ойнап жүріп, ойсырата жеңді. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Матч АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласының «Hard Rock Stadium» стадионында ойналды. Ол Астана уақытымен сағат 02:00-де басталды.

Кездесуде 10 (!) гол соғылды. Ол 6:4 есебімен ағылшындардың пайдасына шешілді. Біздің «ойнап жүріп, ойсырата жеңді» деуіміздің мәні ойын тағдыры 4:0 есебімен Англияны алға шығарған бірінші таймда-ақ шешіліп қойылған матчтың келесі бөлігінде ағылшындар тым еркіндеу қимылдаса да, жеңіс тізгінен өз уыстарынан шығарып алмады.

Мұның үстіне, Англияның бас жаттықтырушы, неміс маманы Томаш Тухельдің тактикалық шешімімен команданың демалуға мүмкіндік берілген капитаны, ең басты жұлдызы – Харри Кейн алаңға шыққан жоқ. Жалпы, бұл коуч осы ойынның алдында өз футболшыларының көпшілігі қола медаль үшін шайқасуға оншалықты құштар емес екенін әңгіме айтқан болатын. Сөйтіп, құраманың негізгі құрамы едәуір өзгертіліп, бұл уақытқа дейін запаста көбірек отырып келген ойыншыларға кезек берілді.

Командалар алаңға мына құрамдарда шықты:

Франция – Меньян, Гюсто, Конате, Лакруа, Тео Эрнандес, Рабьо, Заир-Эмери, Шерки, Олисе, Дуэ, Мбаппе (капитан);

Англия – Хендерсон, Куанса, Конса, Гехи, Спенс, Райс (капитан), Эзе, Роджерс, Сака, Рэшфорд, Тони.

Матчтың бас жағы ағылшындардың өткір шабуылдарымен өрбіді. 2-минутта  Маркус Рэшфорд бірден француздар қақпасына қарай жарып өтуге ұмтылды, бірақ Ибраим Конатеден аса алмады. 3-минутта француз Дезире Дуэ қапталдан алаң ортасына доп жеткізерде қателесіп кетті. Допты жолдан іліп әкеткен Деклан Райс қарсыластар алаңына қарай құйғытты. Ол айып алаңына жақын жерден қақпаны нысанаға алды. Гол! Голкипер Майк Меньян тартыла ұмтылғанымен, допқа жете алмай құлады. Есеп – 1:0!

Француздар бұдан кейін қанша серпілмек болса да, қарсы алаң қақпасына қарай жақындаған сәттердің бәрінде доптан айырылып қалып жатты. Дарбаза тұсына тура соққы болмады, көбі жақтаудың жанынан кетті.

19-минутта Деклан Райс бұрыштама берді. Оны қабылдап аларда Эзри Конса бәсекелесі Адриен Рабьоны оңай қапы қалдырды, Майк Меньян тағы да ештеңе істей алмады. Осылай есеп 2:0-ге жетті.

37-минутта кезек Букайо Сакаға келді. Ағылшындардың топты жарып өтетін пастары өз жемісін бере бастады. Алдымен Маркус Рэшфорд француз қорғаушыларының қақпанынан сытылып шықты. Бірақ Майк Меньян оның жекпе-жек шығуына жол бермеді. Сол кезде ағылшын футболшысы допты жанындағы Сакаға бере қойды. Ал Букайо оны ашық торға сүңгіте салды – 3:0! Осылай ірі есеп фактісі тіркелді.

Матчтың 45+2-минутында соғылған төртінші допты да Сака өз есебіне жазды. Эберечи Эзе алаң ортасынан берілген добымен үш француздан айналып өтті. Сол тұста жүгіріп жеткен Букайо француз Тео Эрнандестің дәл жанынан қақпаға қарай ұрды. Ол тағы да бұрышқа қарай заулады, Меньян тағы жетіп үлгермеді. Есеп – 4:0!

Екі команда да бүгін өздерінің мықты құрамдарымен шықпаса да, француз Дидье Дешамның шәкірттеріне қарағанда, ағылшындар айтарлықтай сәтті ойнады, олар қарсыластарының әрбір қателігін пайдаланып қалып тұрды. Осы жолы Меньян мен қорғаныс шебінің тұтқиылдан жасалған шабуылдарға қарсы амал-айла таба алмай қалатындарын байқатты. Олар шабуылда да ештеңені қарық қыла қоймады. Бірінші тайм осылай Англияның талассыз басымдылығымен аяқталды.

Алайда екінші таймда командалар бірден орындарын алмастырып алғандай қалыпта көрінді. Оның бас жағы француздардың қауырт шабуылымен басталды. Бұл жолы олар қарымта гол соғуды да тым кешеуілдетіп алмады. 48-минут. Соның алдында алаңға шыққан Дайо Упамекано ағылшын Олли Уоткинстен доп тартып алып, оны Майкл Олисеге асырды. Ал Майкл сол тұста жүгіріп келе жатқан Килиан Мбаппені көре қойды – оның сырғытып берген добын форвард тоқтатпай соқты – 1:4! Бір доптың есесі осылай қайтты. Осының арқасында аргентиналық Лионель Мессимен мергендер көшін бастау үшін таласып келе жатқан Мбаппе чемпионаттағы 9-шы голын салып, бәселекесінен бір доп алға шығып кетті.

54-минутта енді Килианның өзі алға қарай доп жөнелтті. Оны іліп ала қашқан Брадли Баркола айып алаңына таман Джарелл Куансудан басып озып, қақпашы Джоржан Хендерсонмен бірге-бір шықты. Гол! Есеп – 2:4!

66-минутта тағы Мбаппе ерледі. Шабуылды оң қанаттан Усман Дембеле бастап берді. Сосын ол ортадағы Олисеге доп жеткізді. Майкл өз кезегінде алға жүгіріп бара жатқан Килианға асырды. Сол кезде Мбаппен қақпаның бір бұрышын дәл көздеді – 3:4! Бұл оның мундиалдағы 10-шы голы болды. Ол осымен Мессиден екі доп алға шығып кетті. Сонымен қатар, Майкл Олисе бір чемпионатта жетінші нәтижелі пас беріп, атақты Пеленің рекордын қайталай алды.

Бірақ ағылшындар да болып жатқан оқиғаларға бейжай қарап тұрмады. Олар бір шабуылдың кезінде пенальти соғу мүмкіндігіне ие болды. Оны Джуж Беллигем өзі ұрмай, Сакаға ұсынды. Ал Букайо тапсырманы мүлтіксіз орындады. Сөйтіп, есеп 5:3-ке айналды.

Бұдан кейінгі гол соғу кезегі француздарға келді. 90+6-минутта Усман Дембеле ағылшын Трево Чалобаны артта қалдырып кетіп, қақпаның бұрышын нысанаға дәл алды – 4:5!

Ең соңында, 90+8-минутта Джуд Беллингем тартысты өткен бұл матчтың соңғы нүктесін қойды. Ол бұған бірнеше ойыншыны алдап өту арқылы қол жеткізді. Қорытынды есеп 6:4 есебімен ағылшындардың пайдасына шешілді.

Айтатыны жоқ, матчта бәрінен көп – 10 гол соғылса да, екі жақтың қолайлы мезетті пайдалана алмай қалған сәттері әлі де көп болды.

Осы жеңістің нәтижесінде Англия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл бұдан 60 жыл бұрын, 1966 жылы Англияда өткен әлем біріншілігінде тұңғыш рет чемпион атанған Альбион аралы жігіттерінің жалпы тарихтағы екінші жүлдесі болатын.

Таңбалар: Англияәлем чемпионатыфранцияфутбол

Ұқсас мақалалар

ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды
Жаңалықтар

ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

20.07.2026
Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)
Жаңалықтар

Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

16.07.2026
ӘЧ-2026: Букмекерлер Франция – Испания матчының фаворитін анықтады
Жаңалықтар

ӘЧ-2026: Букмекерлер Франция – Испания матчының фаворитін анықтады

14.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

    Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

  • Әлемжеліде Путиннің 2026 жылғы 19 шілдеде өмірден өтетіні жайлы хабар тарады

  • Қадыров Украинаға қолдау көрсететін НАТО елдеріне соққы беруге шақырды

  • Қызылордада қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды

  • ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

  • Ресей авиаотын бермек болып, бензинді Қазақстаннан сатып ала бастады

  • Кахетиде ресейлік әйелді ұрған жергілікті азамат қамауға алынды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 469.59 ₸
EUR EUR 536.22 ₸
RUB RUB 5.96 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist