Мәсімовпен бірге олигарх Болат Өтемұратовтың қамалғаны рас па?
АСТАНА. 13 қаңтар. Қазақстан ҰҚК-ның бұрынғы бастығы Кәрім Мәсімовпен бірге миллиардер Болат Өтемұратов та қамауға алынды. Бұл туралы K-News.kg хабарлады.
Порталдың жазуынша, ақпар әлеуметтік желілер мен телеграмм-арналарда осындай мәлімдемелер шығып жатқанға ұқсайды.
«Бізге жұрт Кәрім Мәсімовтен бөлек, олигарх-миллиардер Болат Өтемұратовтың ұсталғанын хабарлауда. Ол уақытша оқшаулағышта ұсталып отырған сияқты, одан өзінің атындағы активтердің бір бөлігін енді атап көрсетілетін басқа адамдарға жазу талап етілуде-міс. Егер ол бұған көнсе, елден аман-есен шығып кетуі мүмкін екені екені айтылыпты-мыс», – деп баяндайды портал.
Болат Өтемұратов 2006-2009 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың і басқарушысы болды, ол бұрынғы президентке ең жақын адамдардың қатарынан табылды. Бірқатар деректер бойынша, Өтемұратовқа елдегі ірі банктердің бірі – ForteBank-тің (активі көлемі жағынан бесінші орында), «КаР-Тел» және Sky Mobile компанияларының (Қазақстан мен Қырғызстандағы «Билайн» байланысының операторы), алтын өндіруші RG Gold кәсіпорнының, Астана, Вена және Мәскеу қалаларындағы Ritz-Carlton отелдерінің, сондай-ақ қазақстандық Burger King фрашизінің активтері тиесілі көрінеді.
«Бәлки, оған мына қауесетті жоққа шығару үшін жұртшылық алдына шығып, елге көріну керек шығар?», – деп жазады Kz.media.
Атап өту керек, бұған дейін Қазақстан БАҚ-тары ForteBank директорлар кеңесінің басқарма райысын бекіткені туралы хабарлаған еді. Ол орынды Рейнис Рубенис алды.
Айтуымыз керек, Болат Өтемұратовтың активтерін басқаратын «Верный капитал» компаниясының өкілі жоғарыдағы қауесетті бірден жоққа шығарды. «Бұл – барып тұрған жалған. Бәрі жақсы. Ол жұмыс істеп жүр. Астанада», – деп мәлімдеді «Верный капиталдың» корпоративті байланыс тобы бас директорының орынбасары Ольга Абдрахманова.
Бұған дейін «Азаттық рухы» сайты Кәрім Мәсімовтің бұрынғы екі орынбасары А. Садықұлы мен Д. Ерғожиннің қамауға алынғанын хабарлаған болатын.