Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Белград: Қазақстандық екі боксшы да жеңіске жетті

БЕЛГРАД. 28 қазан. Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының кешкі сессиясында өнер көрсеткен екі боксшымыз да жеңіске жетті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Іріктеу турнирінің 1/16 финалдық кезеңі келіп жетті.

Алдымен рингке көтерілген 57 кг салмақтағы Серік Теміржанов Азияның жастар арасындағы 2019 жылғы чемпионы, әлемнің жастар арасындағы 2021 жылғы чемпионы жапон Рейто Цуцумиді айқын басымдықпен ұтты – 5:0. Ол бір рет жас қарсыласын нокдаунға да жіберді.

Бұдан кейін 67 кг салмақтағы Абылайхан Жүсіпов венесуэлалық Кристиан Паласионы тап осындай есеппен ұтты.

Екі боксшымыз да бәсекелестерінен сенімді көрінді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button