Белсенді азаматтар жемқорлықпен күреске қатыса алады
НҰР-СҰЛТАН. 18 қыркүйек. Қоғамның сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне төзбейтін белсенді азаматтары оған қарсы бағыттылған ағарту жұмыстарына қатыса алады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің елорда қалалық департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Президент өзінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыруға шақырды. Бұл – бүкіл халықтың ортақ міндеті», – делінген хабарламада.
Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі азаматтарды онымен күрес бағытындағы ағарту іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады.
Барлық өңірлерде парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі кешенді жоспарлар іске асырылуда, оның шеңберінде білім беру, мемлекеттік қызмет, бизнес, мәдениет және дін бағыттары бойынша сарапшылар мен лекторлар пулдары құрылуда. Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру және азаматтардың ұсыныстарын жинау бойынша түрлі форматтағы 400-ден астам іс-шара өткізді. Олардың ішінде «Адалдық сағаты» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне-дәрістер шығару, TEDx форматында белсенді жастармен және мемлекеттік қызметшілермен кездесулер өткізу бар.
Сондай-ақ, «Adal kómek» волонтерлік қозғалысы шеңберінде сыбайлас жемқорлықпен байланысты мәселелер бойынша тегін заң консультациясын беру және алу мүмкіндігі берілді. Азаматтар агенттіктің аумақтық департаменттеріне жүгіну арқылы қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуына қатысуға дайын екендіктерін білдіре алады.