Солтүстік Македония Ресейдің кезекті елшісін елден қуды
СКОПЬЕ. 17 тамыз. Солтүстік Македония есімі айтыла қоймаған ресейлік бір елшіні «нон грант тұлға» деп жариялады. Бұл туралы Ura.ru хабарлады.
Солтүстік Македония сыртқы істер министрі Буяр Османи бүгін журналистерге берген брифингінде осы жайында айтты.
«Елшінің елден шығарылғаны туралы ақпар ресми болып табылады», – деп атап көрсетті македонның MIA газеті.
Ресей елшілігінде Македония шығарып жатқан дипломаттын ол жақтан кетіп қалғанына 10 күн болғаны айтылды.
РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко Ресейдің бұған қайтарма жауап қайтаратынын мәлімдеді. Ол Македония билігінің осымен жыл басынан бері екінші Ресей елшісін елден шығарып жатқанын атап өтті.
Бұдан алдын Солтүстік Македония билігі РФ дипломаты Сергей Баздникинді елден қуып жіберіп еді. Бұл ел осылайша Еуропарламенттің Ресей дипломаттарын Еуроодақ елдерінен шығарып жіберу жөніндегі қарарын орындауға кіріскенін көрсетті.
Солтүстік Македония – 1991 жылы Югославия тарағаннан кейін тәуелсіздігін жариялаған республика. Халқының саны 2 млн адамнан сәл ғана асады. Олардың 64 пайызын – македондар, 25 пайызын албандар құрайды. Македондар – славян тілді халық. Оның тілі болгар тіліне барынша жақын. Лингвистер кейде бұл тілді болгар тілінің бір диалектісі деп те санайды.
Славян тектес македондар өздерімен туыстас тілді саналатын Ресей жұртын өз елінен бекерден-бекер шығармаса да керек.