Жаңалықтар жаңғырығыОқиға
Мәскеу түбінде мигранттар тағы да топтасып төбелесті
МӘСКЕУ. 6 тамыз. Мәскеудің түбіндегі Одинцово қаласында кемінде 20 мигрант топтасып төбелесті. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Құқық қорғау органдарының мәнбесіне қарағанда, оқиға жұма күні орын алған. Мигранттар шайқасқа қолдарына таяқ пен пышақ ұстап келген.
«Инцидент жұма күні түнде Солтүстік көшесі ауданында болған. Кейбіреулері қолдарына таяқ пен пышақ ұстаған кемінде 20 мигрант жаппай төбелес ұйымдастырған. Кейінірек олар «Одинбург» тұрғын үй кешені ауданындағы құрылыс ләпкелерін қиратқан», – деді агенттіктің куәгері.
Әзірге төбелес салдарынан зардап шеккендер туралы ақпар түскен жоқ. Ұсталғандардың кімдер екендері анықталуда.
Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, қазір Ресейде ТМД елдерінен келген 700 мыңдай мигрант бар.