Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Германияда су тасқынында қаза тапқандар саны 140 адамнан асты
БЕРЛИН. 18 шілде. Германияның батысында орын алған жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 141 адамға жетті. Бұл туралы «Deutsche Welle» газеті хабарлады.
Сенбі, 17 шілде күні таңертең Кобленцтегі полиция өкілі Рейнланд-Пфальц федералды жеріндегі арвейлер округінде 90-нан астам адам құрбан болғанын, кем дегенде 670 адам түрлі жарақат алғанын айтты.
Солтүстік Рейн-Вестфалияның ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл жерде 45 адам қайтыс болған.
«Өлгендер туралы мәліметтер толық емес деген қауіп бар, өйткені, апаттан екі күннен кейін ондаған адам әлі де хабар-ошарсыз кеткен деп саналуда.