Шығыстағы Риддер лаулаған от құшағына оранды
ӨСКЕМЕН. 11 мамыр. Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер (бұрынғы – Лениногорск) қаласының іргесі кешеден бері лаулаған оттың құшағында қалды. Бұл туралы Ratel.kz хабарлады.
«Риддердің үстінен төнген күшті өрт, лаулаған жалын ағаштардың бастарынан тұрғын үйлерге қарай ауысты, құрбандықтар бар», – делінген хабарламада.
Осының салдарынан ондаған отбасы үстеріндегі үйлерінен айрылды, құтқарушылар кешелі бері стихиямен күресіп жатыр. Өрттің шығуы жөнінде екі түрлі болжам айтылуда. Олардың бірі әлдекімдер орманда абайсызда от қойып алған дегенге сайса, екіншісі әдейі от қойған дегенге ұйиды.
Риддердің шетіндегі ормандардың бірі біреулердің от қойып жатқандары жайындағы алғашқы забар дүйсенбі, 10 мамыр күні күндіз жеткен екен. Содан кейін әлеуметтік желіде кеншілер қаласының тұрғындары дабыл қағып, отты кімнің қою мүмкін екені туралы болжамдар айтуға көшті.
Күннің екінші жартысында дабылды хабарладамар енді Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаметтен түсе бастады. Бұл кезде өрт орманның бірнеше ондаған гектар алқабына тарап үлгеріп, Риддердің шетіндегі Лесхоз кентінің тұрғын үйлерін жақындап қалған еді.
Құтқарушылардың, волонтерлер мен орман шарауашылығы қызметкерлерінің барлық әрекеттеріне қарамастан, отты тоқтату мүмкін болмады, ол тұрғын үйлерге де жетті.
Өртті сөндіруге МИ-8 және МИ-2 тікұшақтары қатыстырылды. Бірақ қатты соққан желдің салдарынан оттың жайылуын тоқтатудың орайы келмеді. 10 мамыр күні кешке қарай мұнда жедел штаб құрылып, Риддерге облыс әкімі Даниал Ахметов келді.
«Оқиға орнында жеке құрамнан 208 адам мен жергілікті атқарушы органдардың, өрт бөлімшелері мен орман шаруашылығының 47 техника бірлігі жұмыс жасауда. Өрт шалған аумақ 310 шектарды құрайды. Оттың салдарынан 35 үй жанып кетті, 9 үй бүліншілікке ұшырады. Өртті сөндіру мен жою үшін керекті күш пен құрал жеткілікті. Оқиға орнына сондай-ақ 3 автоцистерна мен 15 құтқарушы келе жатыр», – деді департаменттегілер.
«Жедел жәрдемнің» ақпары бойынша, Лесхоз кентінде тұратын 1949 және 1950 жылы туған екі адам отқа күйіп қалып, жергілікті ауруханаға түскен. Полиция қызметкерлері қала сыртында жанып кеткен 1948 жылы туған әйелдің денесін тапқан.
Мамандар өрт абайсыздықтан орын алған деген болжамды көбірек талдап жатыр.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары зардап шеккен риддерліктерге көмек көрсету мақсатында қаржы жинауға кірісіп кетті.
Ал өрт бұл уақытта біртіндеп басылып келеді.