25 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Асаубаева мерзімінен бұрын турнирдің жеңімпазы атанды (видео)

5 Маусым 2026 10:07
- Жаңалықтар, Сайыс
Асаубаева мерзімінен бұрын турнирдің жеңімпазы атанды (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ОСЛО. 5 маусым. Норвегия байтағында өтіп жатқан халықаралық «Norway Chess Women 2026» турнирінің аяқталуына бір тур қалғанда, қазақстандық Бибісара Асаубаева кеше әйелдер арасында жеңімпаз ​атанды. Бұл туралы ChessPro Live дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осылайша алдыңғы 9 турда 16,5 ұпай жинаған Бибісара 13 ұпаймен екінші сатыда тұрған Чжу Цзиньэрге де, 12 ұпаймен үшінші белеске келген Анна Музычукке де қалған бір ойында жеткізбейтін болып, бірінші тепкішекке тұрақтады.

25 мамырдан 5 маусымға дейінгі аралықта жалау желбіреткен турнирдің ерлер тобында да, әйелдер шоғырында да 6 шахматшы өнер көрсетті. Олар 2 айналымнан, 10 турдан тұратын 12 күндік сайысқа түсті.

Жарыстың ережесіне сәйкес, кезекті ойын тең аяқталған жағдайда қарсыластар бұрынғы тастарымен армагеддон-партия, яғни овер-тайм өткізді. Классикалық партияда ұтқан спортшыға 3 ұпай жазылды, одан жеңілуші ұпайсыз (0) қалды, ал қосымша уақытта, яғни армагеддонда жеңіске жетушіге – 1,5 ұпай, жеңілушіге 1 балл берілді.

Әрбір партияда 30-шы жүріске дейін тең ойынға келісуге тыйым салынған.

Турнир соңында екі қарсыластың ұпайлары бірдей болып қалған жағдайда, олардың арасында бірінші орынның егесін анықтау үшін екі блиц-партиядан тұратын тай-брейк ойналады, онда да тең шыққан әлеуетте тағы екі партия өткізіледі. Мұнда да 30-шы жүріске дейін тең ойынға рұқсат етілмейді.

Турнирге шахматшылар мына құрамда қатысты:

Әйелдер: Цзюй Вэньцзюнь (Қытай, 2559), Чжу Цзиньэр (Қытай, 2546), Хампи Конеру (Үндістан, 2535), Бибісара Асаубаева (Қазақстан, 2527), Анна Музычук (Украина, 2522), Дивья Дешмух (Үндістан, 2500).

Ерлер: Магнус Карлсен (Норвегия, 2840), Винсент Каймер (Германия, 2759), Алиреза Фирузджа (Франция, 2759), Уэсли Со (АҚШ, 2754), Рамешбабу Прагнанандха (Үндістан, 2733), Доммараджу Гукеш (Үндістан, 2732).

Әрбір күні ойындар Астана уақытымен 20:00-де басталып тұрды.

Әйелдер арасындағы жекпе-жектер мынадай нәтижелер әкелді:

1 тур (25.05). Музычук – Чжу Цзиньэр 1:1,5, Цзюй Вэньцзюнь – Дешмух 1:1,5, Конеру – Асаубаева 0:3.

2 тур (26.05). Чжу Цзиньэр – Асаубаева 1:1,5, Музычук – Цзюй Вэньцзюнь 1,5:1, Дешмух – Конеру 1,5:1.

3 тур (27.06). Цзюй Вэньцзюнь – Чжу Цзиньэр 1:1,5, Конеру – Музычук 1:1,5, Асаубаева – Дешмух 1:1,5.

4 тур (28.05).  Конеру – Чжу Цзиньэр 1:1,5,  Асаубаева – Цзюй Вэньцзюнь 1,5:1, Дешмух – Музычук 1:1,5

5 тур (30.05.  Чжу Цзиньэр – Дешмух 0:3,  Музычук – Асаубаева 1,5:1,  Цзюй Вэньцзюнь – Конеру 1:1,5

6 тур (31.05).  Чжу Цзиньэр – Музычук 1,5:1,  Дешмух – Цзюй Вэньцзюнь 0:3,  Асаубаева – Конеру 1,5:1

7 тур (01.06).  Асаубаева – Чжу Цзиньэр 3:0,  Конеру – Дешму 1:1,5,  Цзюй Вэньцзюнь – Музычук 1:1,5

8 тур (02.06).  Чжу Цзиньэр – Цзюй Вэньцзюнь 3:0,  Музычук – Конеру 1:1,5,  Дешмух – Асаубаева 0:3

9 тур (04.06).  Дешмух – Чжу Цзиньэр 0:3,  Асаубаева – Музычук 1:1,5,  Конеру – Цзюй Вэньцзюнь 1:1,5.

Бүгін сағат 20:00-де соңғы турдың ойындары ойналады.

10 тур (05.06).  Чжу Цзиньэр – Конеру,  Цзюй Вэньцзюнь – Асаубаева,  Музычук – Дешмух.

Енді 9-турда ойналған мына партиямен таныс болыңыздар:

Асаубаева (Қазақстан) – Музычук (Украина)

1.d4 Nf6 2.c4 e6 3.Nf3 d5 4.Nc3 c6 5.e3 Nbd7 6.Bd3 dxc4 7.Bxc4 b5 8.Bd3 b4 9.Ne4 Nxe4 10.Bxe4 Bb7 11.0-0 Be7 12.Nd2 Ba6 13.Re1 Rc8 14.a3 Bb5 15.axb4 Bxb4 16.Rxa7 c5 17.Bf3 0-0 18.Rb7 Ba6 19.Ra7 Bb5 20.Rb7 Ba6 21.Ra7 Bb5 22.Rb7.

Таңбалар: Бибісара АсаубаеваОслотурнир

Ұқсас мақалалар

Бибісара Асаубаева спорт министрлігінің шабуылына қатаң жауап берді
Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева спорт министрлігінің шабуылына қатаң жауап берді

11.06.2026
Асаубаева Тоқаевқа жалақысының үш есе қысқарғанын айтып, шағым жасады
Жаңалықтар

Асаубаева Тоқаевқа жалақысының үш есе қысқарғанын айтып, шағым жасады

11.06.2026
Асаубаева «Norway Chess Women 2026» турнирінің соңғы турында жеңіліс тапты
Жаңалықтар

Асаубаева «Norway Chess Women 2026» турнирінің соңғы турында жеңіліс тапты

06.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist