25 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бибісара Асаубаева спорт министрлігінің шабуылына қатаң жауап берді

11 Маусым 2026 18:45
- Жаңалықтар, Сайыс
Бибісара Асаубаева спорт министрлігінің шабуылына қатаң жауап берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 11 маусым. Қазақстандық шахматшы, әлем чемпионы Спорт және туризм министрлігінің өзіне қарсы жауабына орай ойын қатқыл жеткізді. Бұл туралы Nur.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Спортшы кеше өзінің Президентке жазған хаты жарияланғаннан кейін бүгін жедел брифинг өткізіп, «жағдайды жұртқа жеткізбекші» болған және ондағы өзіне қарата айтылған өктем пікірлерге байланысты жедел жаңа пост жариялады. Ал ведомство тарапынан берілген мәлімдемеде қазір спорттың басыңқы, яғни беделді түрлеріне көбірек көңіл бөлінетіні атап өтіліпті. Олар, әлбетте, бұл «элиталы» спорт түрлерінің шашақты шаңырағына шахматты кіргізе алмайтындарын ашық көңілдерімен аңқылдап айтыпты.

«Интеллект басымдыққа ие емес пе? Мен Спорт министрлігінің ресми жауабын мұқият оқып шықтым. «Шахмат беделі басым емес спорт түрлеріне жатады» депті. Мойындауым керек, мен бұл тіркесті бірнеше рет қайта оқыдым. Жақында ғана Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің стратегиялық бағытын белгілегенде: «Күшті ұлт күшті интеллекттен басталады. ХХІ ғасырда шикізат емес, білім басты ресурсқа айналуда» деген еді», – деп жазды Бибісара Асаубаева осыған орай.

Ол әлемнің жетекші елдері үшін шахматтың жай спорттан да көп артық нәрсе болып саналатынын еске салады. Бұл – стратегиялық ойлау, зияткерлік капитал және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі нышандарының бірі.

«Егер шахмат басымдық болып табылмаса, мынадай қарапайым сұрақ туындайды: онда Президент мені қандай еңбегім үшін II және III дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапаттады? Бүгін мен әлемдік рейтингте 5-ші орында тұрмын. Спорт министрлігінің жауабынан мынадай қарапайым қорытынды шығады: менің ата-анам – шенеуніктер емес, елдің зияткерлік болашағының нағыз патриоттары және инвесторлары. Қазақстанның болашағы зияткерлікпен, біліммен, ғылыммен және адами капиталдың сапасымен айқындалатын болады», – деп ойын ұштайды шахматшы бұдан әрі.

«Маңызды мәселе: Спорт министрлігінің бұл ұстанымы Президенттің бағытына сәйкес келе ме екен? Себебі шахматқа деген көзқарас – бұл интеллектке деген көзқарас. Интеллектке деген көзқарас – елдің болашағына деген көзқарас. Шамасы, Спорт министрі бұдан басқа бағытты ұстанатын сияқты», – деп жазды спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео жолдап, көмек сұраған болатын. Ол сүбелі министрлік тарапынан көрсетілетін көмектің мардымсыз екеніне шағымданды және жаңа министр келгелі бері жалақысы үш есеге төмендеп кеткенін мәлімдеді.

Ал Спорт және туризм министрлігінің шұғыл шығарған қорытындысы сол, ол бүгін дереу, жалма-жан брифинг өткізіп, шахматшыға жұмсалған шығындардың есеп-қисабын бүкіл елді жайып салуды жөн көріпті. Жиында вице-министр Серік Жарасбаев шахматшы Бибісара Асаубаеваның жалақысы үш есеге дейін азайтылғанын қапысыз мойындайды. Ол мұның неліктен олай етілгенін де түсіндіріпті. «Басыңқылық» жайлы байлам осы жерде айтылса керек. Сөзінің арасына тағы «кейбір спортшылар қатты еркелеп кеткен» дегенді де қосып жіберіпті. Сірә, «Семіздікті қой көтереді» дегісі келген-ау…

 

Таңбалар: Бибісара Асаубаевабрифингжауапминистрлік

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауынан кейін брифинг берді
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауынан кейін брифинг берді

23.08.2026
Қазақстанда тамақтан улану жағдайлары төрт есеге дейін азайды
Әлеумет

Қазақстанда тамақтан улану жағдайлары төрт есеге дейін азайды

14.08.2026
Асаубаева Тоқаевқа жалақысының үш есе қысқарғанын айтып, шағым жасады
Жаңалықтар

Асаубаева Тоқаевқа жалақысының үш есе қысқарғанын айтып, шағым жасады

11.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist