17 Қазан, 11:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Асаубаева Тоқаевқа жалақысының үш есе қысқарғанын айтып, шағым жасады

11 Маусым 2026 09:22
- Жаңалықтар, Сайыс
Асаубаева Тоқаевқа жалақысының үш есе қысқарғанын айтып, шағым жасады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 11 маусым. Әлемдегі ең мықты шахматшылардың бірі, қазақстандық Бибісара Асаубаева Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шағым айтып, төрелігін сұрады. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Әйгілі шахматшы қыз онда Спорт және туризм министрлігі бұдан үш жыл бұрын белгілеген жалақысын өткен жылы жаңа министр келгеннен кейін үш есе қысқартып тастағанын, спортпен алаңсыз шұғылдануға кедергі келтіретін бұдан да басқа түйткілдердің бар екенін баяндайды.

«Осы маңызды турнир алдындағы менің барлық шығыным өзімнің жеке жүлде қорларым мен ата-анамның ақшалары арқылы өтелді. Турнирге дайындалуға көмек көрсеткен секунданттарым мен аналитиктерім үшін әлі күнге дейін ақы төлей алмай отырмын. Сіздің сөзіңізге қарағанда, Президент мырза, мен елдің алтын қоры қатарына жатамын. Менің медальдарым орасан зор еңбекпен, денсаулыққа әсер етумен және төзіммен келеді. Қандай бір кедергілер кездессе де, мен әуелі өзімнің спортшы екенімді ұмытпаймын. Мен жоғары нәтижелерге қол жеткіземін және еліміздің намысы мен туын жоғары ұстаймын», – деп жазды Бибісара Асаубаева өзінің сәрсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған үндеуінде.

Ол жылдан жылға қиындықтың артып келе жатқанын да жасырмады.

«Спорт министрлерімен қарым-қатынас жасау барған сайын қиындап барады. Спорт министрлігінің Олимпиада медалі үшін тапсыратын қаржысы $250 мың болса, шахматтан әлем чемпионатында жеткен жеңіс үшін беретін сыйлығы $2000-ды құрайды. Қазақстанда менен басқа ересектер арасында – ерлерде де, әйелдерде де – әлем чемпионы жоқ. Мен 2023 жылы екінші алтын медальды алғаннан кейін Спорт министрлігінің желісі бойынша Т1 млн сомасында жалақы ала бастадым. Бірақ 2025 жылы министр болып Мырзабосынов келгеннен кейін жалақым үш есе қысқарып кетті. Менде Қазақстан шахмат федерациясы желісі бойынша ешқашан жалақы болған емес. Жаңа 2026 жылдың қарсаңында блиц бойынша үшінші мәрте әлемнің алтын медалін жеңіп алдым. Бұл шахматтың классикалық жарысы – әлем тәжіне үміткерлер турниріне қатысуыма құқық алып берді. Алайда Спорт министрлігінен алатын жалақым көтерілген жоқ», – дегенді қосты сосын гроссмейстер.

Шахматшы сондай-ақ биылғы қаңтарда өзінің жаттықтырушысымен бірге Мырзабосыновпен кездескенін айтады.

«Біз оған Федерация бөлетін қаржының жеткіліксіз екенін түсіндіріп, «Көмектісіңіз» деп сұрадық. Министр «Спорт қоры» қолдау қоры арқылы 100% көмектесуге уәде берді. Біз қорға өтініш жаздық, ол қаржының бір бөлігін ғана берді. Соған байланысты секунданттарыммен дистанциялық режимде жұмыс істедік. Мен осындай маңызды оқиғаға секунданттар әкеле алмаған жалғыз шахматшы қыз болдым. Сөйтіп, турнирде екінші орын алдым. Екінші рет министрдің нұсқауы бойынша өтініш өткіздік. Спорт вице-министрі Жарасбаев WhatsApp арқылы ресми жауап жіберіп, өзінің «Спорт қоры» қоры қамқорлық кеңесінің жетекшісі ретінде кеңеске менің өтінішімді қолдайтынын білдіргенін жазды. Бірқатар уақыттан кейін қор жетекшісі Ауғанбаевтан көмектесуге бас тартылғаны жайлы жауап алдық, бірақ себебі көрсетілмеген», – деп мәлімдейді спортшы.

Ол Тоқаевтың жарлығымен 2025 жылдың 30 желтоқсанында өзіне II дәрежелі «Барыс» ордені берілгенін жазады. Бірақ оны алу үшін Астанаға үш рет барып, бәрінде бос қайтады.

«Спорт министрлігінің шақыруымен мен орденді алу үшін Астанаға үш рет ұштым. Әр жолы оның бастамасымен сапарым кейінге қалдырылып тұрды. Өкінішке орай, мен орденді әлі алған жоқпын. Сәуір мен мамыр айларында eOtinish арқылы сіздің атыңызға үш рет хат жібердік, әлі жауап жоқ. Олар министрге WhatsApp-та қайталанып ұсынылды. Жауап орны – үнсіздік. Алда үлкен жарыстар, жиындар және көп жұмыс тұр. Мен сонда не істеуім керек, Президент мырза?» – деп сұрайды Бибісара Асаубаева.

Айта кетейік, бұған дейін шахматшының анасы Лиана Таңжарықова өзін осы спорт түрінің жарылқаушысы ретінде жиі көрсеткісі келетін Қазақстан шахмат федерациясының президенті – миллиардер Тимур Турловтың алдымен қолдау көрсетуге уәде беріп, соңынан: «Сара, сен бір нәрсені түсінуің керек: Мен миллиардер емеспін, ақшаның бәрі компанияныкі, сондықтан мен көмектесуден бас тартамын» деп шығарып салғанын баяндайды.

«Тимур Русланович Бибісарамен оңаша кездескісі келетінін айтты. Біз, әрине, мұның не екенін толық түсінбедік, өйткені ол кезде қызымыз 18-ге енді ғана толып жатыр еді», – дейді Таңжарықова бұдан кейін.

Шынында бұл ұсыныстың астарында не жатыр?

Таңбалар: Бибісара Асаубаевапрезидентшахмат

Ұқсас мақалалар

Конституциялық сот Тоқаевтың қайта сайлауға түсуге құқылы екенін дәлелдеп берді
Жаңалықтар

Тоқаев шахмат олимпиадасында екінші орын алған Қазақстан құрамасын құттықтады

28.09.2026
Президент Айдос Мырзахметовті Қорғаныс министрі етіп тағайындады
Жаңалықтар

Президент Айдос Мырзахметовті Қорғаныс министрі етіп тағайындады

27.09.2026
Қазақстанның Қорғаныс министрі қайта тағайындалды
Жаңалықтар

Президент Каспийдегі апатқа байланысты министр Дәурен Қосановты қызметінен босатты

27.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist