ЛОНДОН. 8 мамыр. Қазақ азаматы Санжар Әбішев Ұлыбритания байтағы – Лондон қаласындағы беделді аудандардың бірінің мэрі болып сайланды. Бұл туралы шетелдік мәтбұғат мәнбелеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қазақстанның тумасы Санжар Әбішев Лондонның беделді Сент-Джеймс ауданының мэрі болып бекітілді.
Ол өзінің маркетингтік агенттігін басқарады, Ұлыбританияның консервативті партиясының белсенді мүшесі.
Лондонның Сент Джеймс ауданының мэрі сайлауында Консервативті партияның кандидаты Санжар Әбішевті жеңіске жетті. Ол өзінің бәсекелесінен 350 дауысты артық алып, озып шықты. Жалпы, 2,3 мың адам дауыс берді.
Сайлау қорытындылары мен нәтижелерінің видеосын қазақстандық белгілі кәсіпкер, Kusto Group негізін қалаушылардың бірі Қанат Көпбаев өзінің әлеуметтік желілерінде таратты.
Кәсіпкер Көпбаев абырой биігінен көрініп отырған Санжар Әбішев досының ұлы екенін, Ұлыбританияда мектеп жасынан бері тұрып келе жатқанын атап өтті. Әңгіме қазақстандық кәсіпкер Азат Әбішев туралы айтылып отырған сияқты.
«Қазақ отбасынан шыққан, Британ биілігінде туыстары мен байланыстары жоқ жігіт білім, тәртіп және көп жылғы еңбек арқылы Лондонның мәртебелі ауданының мэрі болды. Бұл оның жолының басы ғана екеніне сенімдімін», –- деп атап өтті Қанат Көпбаев.
Санжар Әбішевтің LinkedIn-дегі профиліне қарағанда, ол Малверн колледжі мен университетін бітірген. Әр жылдары әртүрлі британдық компанияларда маркетинг маманы болып жұмыс істеген. 2016 жылдан бері ірі брендтермен жұмыс істейтін өзінің Blue swallow Group маркетингтік агенттігін дамытып келеді. Сонымен қатар, 2015 жылы ол бірқатар әлеуметтік жобаларды қолдайтын өзінің қайырымдылық ұйымын құрған.
Саясатта Әбішев кем дегенде 2022 жылдан бастап бар. 2024 жылы ол Сент-Джеймс округі консервативті партиясының төрағасы болған. Instagram-дағы жазбаларына қарағанда, ол Сент-Джеймс ауданының тұрғындарымен үнемі кездесіп, белсенді саяси және қоғамдық жұмыстар жүргізіп тұрған.
Санжар сайлауға аз уақыт қалғанда, өз пәтерінде құлап, жарақат алып, бірнеше күн қараусыз жатқан 79 жастағы қарияны құтқарыпты.
USD




