18 Қазан, 18:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зеленьский Бахмут жағдайына байланысты әскери басшыларды жинады

15 Наурыз 2023 13:33
- Жаңалықтар, Жаһан
Зеленьский Бахмут жағдайына байланысты әскери басшыларды жинады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 15 наурыз. Украина президенті Володимир Зеленьский майдандағы қазіргі жағдайға байланысты шешім қабылдау үшін ставканың кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы «Диалог.ua» сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Негізгі әңгіме соңғы біраз уақыттан бері екі жақ үшін де «маңдай соғылар тасқа» айналып тұрған Бахмут қаласындағы ұрыс қимылдары мен оның келешегі төңірегінде өрбіді.

«Сейсенбі, 14 наурыз күні Жоғарғы бас қолбасшы – президент Володимир Зеленьский ставканың кезекті отырысын өткізді», – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы елдің әскери басшылығымен бірге Бахмуттың мәселесін талқылады. Мұның бүге-шігесі Украина президенті офисінің ресми сайтында жарияланды.

Жиында РФ-ның басқыншы армиясы қоршауға алуға талпынып жатқан Бахмут қаласының қорғанысы жайында айтылып, оны қорғау мен тастап шығу мәселесі кеңінен талқылады. Нәтижесінде қаланы ұстап тұра беру жөнінде шешім қабылданды.

«Ставканың барлық мүшелері Бахмутты ұстап тұруды және қорғауды одан әрі жалғастыру хақында ортақ позицияс білдірді», – деді президент офисіндегілер.

Елдің әскери басшылығы сондай-ақ майданның алдыңғы шебіндегі қорғаныс күштерін қажетті қару-жарақпен және оқ дәрілермен қамтамасыз ету мәселесін де талқылады. Барлық жоспарларға келісім алынды.

Отырысқа Зеленьскийдің өзінен басқа, Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный, барлау бастығы Кирилл Буданов, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Олексий Данилов, президент офисі басшысы Ондрий Ермак, үкімет басшысы Денис Шмыгаль және басқалар қатысты.

Айта кету керек, қазір Бахмуттағы жағдай шынында өте ауыр. Бірқатар сарапшылар Украина қорғаныс күштерінің қаладан кетуге асыға қоймайтын себебі – мұнда өтетін ұрыс қимылдары РФ оккупациялық күштерін «алдап түсіріп», қуатын азайта беруге қолайлы дегенді алға тартады.

Оккупанттар Бахмут үшін шайқастарда украиндарға қарағанда, бес есе көп адам шығынына ұшырады. Қираған техникаларда есеп жоқ.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Таңбалар: БахмутЗеленськийставка

Ұқсас мақалалар

Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты
Жаңалықтар

Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

12.10.2026
Зеленський АҚШ-тан Украина қыста аман қалу үшін Patriot-тың 5%-ын сатуды сұрады
Жаңалықтар

Зеленський АҚШ-тан Украина қыста аман қалу үшін Patriot-тың 5%-ын сатуды сұрады

13.08.2026
Трамп: Мен үшін Зеленськиймен кездесіп, әңгіме-дүкен құру – үлкен құрмет
Жаңалықтар

Трамп: Мен үшін Зеленськиймен кездесіп, әңгіме-дүкен құру – үлкен құрмет

29.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist