25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Учаскелік инспектор – қоғамдық қауіпсіздіктің негізгі тірегі

18 Қараша 2025 10:03
- Жаңалықтар, Құқық
Учаскелік инспектор – қоғамдық қауіпсіздіктің негізгі тірегі
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Қазақстан Республикасы ішкі істер жүйесінде учаскелік полиция органдарының қызметі ерекше орын алады. Ол – өз әкімшілік учаскесінің тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін тікелей жауапты, халық пен полиция арасындағы байланыстырушы алтын көпір. Учаскелік инспектордың жұмысы тек қылмыстарды ашумен ғана шектелмейді, оның негізгі бағыты – құқық бұзушылықтың алдын алу (профилактика) және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

Сол себепті де, Түркістан облысы Төлеби ауданында «Погонды журналист» жобасы аясында қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі учаскелік полиция инспекторларымен бір күн бойы бірге әріптес болып, олардың жұмысымен етене танысып, қоғамдық тәртіпті сақтау жолындағы қажырлы еңбегінің куәсі болып, насихаттауға тырыстым.

Менің пайымымша, бұл бастаманың мақсаты – полиция қызметінің ашықтығын арттыру және халық пен құқық қорғау органдары арасындағы байланысты нығайту.

Журналистік бір күндік қызметім таңғы саптық жиыннан басталды. Төлеби АПБ бастығының орынбасары Мақсат Сейдуалиев пен Төлеби АПБ бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Мұрат Камалов жиында учаскелік инспекторларға мені таныстырып, қызметкерлерге күнделікті атқарылатын міндеттер мен өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, алдағы жұмыс жоспары пысықталды. Аудандық полиция бөлімінде 44 учаскелік полиция инспекторы бар болса, олардың жергілікті мекен-жайға бөлінуі халық санына байланысты екен.

Ленгер қаласы учаскелік полиция инспекторлары Бағдат Махатовпен және Бекзат Жанызақовпен бірге бекітілген аумаққа менде шықтым. Олардың басты назарында қару иелерін тексеру жұмыстары болды. Қоғамдық орындар мен сауда нүктелерінде тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, қазіргі таңда өзекті болып тұрған интернет – алаяқтықтың алдын алу жөнінде арнайы түсіндірме жұмыстары өткізілді. Әсіресе, соңғы уақытта белең алып отырған интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары туралы өзім де тұрғындарға кеңестер беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргіздім.

Бұдан кейін учаскелік полиция инспекторының негізгі міндеттерінің бірі – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықбұзушылықтардың жолын кесу бағытындағы шараларға қатыстым. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін учаскелік полицияның бұл саладағы жан-жақты және нәзік жұмысының маңыздылығын көзбен көрдім.

Таңда басталған жұмысымды кешкі 19:00-де аяқтап, басшылық құрамның алдында күні бойы атқарған жұмысым үшін есеп беру жиынына қатысқанымда, учаскелік инспекторлардың қоғамдағы рөлінің айрықша маңыздылығына тоқталып, олардың еңбегіне жоғары баға бердім.

«Учаскелік инспектор – халыққа ең жақын полиция қызметкері. Олардың әрбір шешімі, әрбір іс-әрекеті тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін өте маңызды. Олардың еңбегі – құрметке лайық!» – дедім БАҚ өкілі ретінде.

Мемлекет басшысының бастамасымен «Халыққа жақын полиция» қағидаты іске асырылуда, бұл ретте учаскелік инспектордың мәртебесі мен рөлі артуда. Ол тек құқық қорғау қызметкері ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік серіктес ретінде де әрекет етуі керек.

Инспектор өз учаскесіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, демографиялық ерекшеліктерді, сондай-ақ ықтимал қауіпті ошақтарды (ішімдік сататын орындар, қараусыз қалған ғимараттар және т.б.) жақсы білуге міндетті. Ол үнемі жергілікті әкімшілікпен, қоғамдық бірлестіктермен және еңбек ұжымдарымен тығыз байланыста болуы керектігін ұғындым. Тіпті, учаскелік полиция инспекторының жұмысы – бұл тек қатаң тәртіп пен жауапкершілік қана емес, сонымен бірге үлкен төзімділік, көпшілдік және азаматтарға жанашырлық танытуды талап ететін, күнделікті ауыр еңбек екенін және тиімді қызметі – бұл қоғамдық тыныштықтың және әрбір азаматтың қауіпсіздігінің кепілі екенін жіті түсіндім.

«Погонды журналист» жобасы полиция қызметкерлерінің күнделікті ауыр да жауапты жұмысын қоғамға көрсетуге және олардың беделін арттыруға зор үлес қосары сөзсіз.

Өзипа АЛТАЕВА,

республикалық «Aimagnews.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы

Түркістан облысы

Таңбалар: қоғамдық тәртіпТүркістан облысыучаскелік инспектор

Ұқсас мақалалар

ЕРІКСІЗ ҚАҺАРМАНДАРМЕН ӨТКЕН БІР КҮН…
Жаңалықтар

ЕРІКСІЗ ҚАҺАРМАНДАРМЕН ӨТКЕН БІР КҮН…

30.10.2025
Түркістан облысында әкесін ұрып өлтірген еркектің әйелі де айыпты
Жаңалықтар

Түркістан облысында әкесін ұрып өлтірген еркектің әйелі де айыпты

16.09.2025
Қазақстанда алғашқы ең ұзын автомобиль туннелі пайдалануға берілді
Аймақ

Қазақстанда алғашқы ең ұзын автомобиль туннелі пайдалануға берілді

12.09.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist