17 Қазан, 07:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Волейболдан Түркия әйелдер құрамасы бірінші рет Еуропа чемпионы болды

6 Қыркүйек 2023 23:02
- Жаңалықтар, Сайыс
Волейболдан Түркия әйелдер құрамасы бірінші рет Еуропа чемпионы болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРЮССЕЛЬ. 6 қыркүйек.Түркияның волейболдан әйелдер құрама командасы өзінің тарихында бірінші рет Еуропаның чемпионы атанды. Бұл туралы Olympics ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Финалда құрлықтың мұның алдындағы күміс жүлдегері – Сербия құрамасы және қола жүлдегері – Түркия командасы ұшырасты.

Жартылай финалда түрік қыздары құрлықтың 2021 жылғы чемпионы – Италияны бес раундта жолдан шығарып тастаса, сербтер Нидерланд командасын төрт торда тізе бүктірді.

Финал да бес партияға созылды. Мұнда құрамына тегі кубалық Мелисса Варгасты қосып алған анадолылықтар ақырында күштілік танытты – 3:2 (25:27, 25:21, 22:25, 25:22, 15:13).

Түркия құрамасында 2021 жылы осы елдің азаматтығын президент Реджеп Ердоғанның өз қолынан алған Варгас шабуыл шебінің ең азулы ойыншысы болды.

Осылайша, итальян жаттықтырушысы Даниэле Сантореллидің қарауындағы Түркияның әйелдер терме жамағаты өзінің тарихында бірінші рет Еуропаның чемпионы атағын жеңіп алды.

Бұған дейін түрік қыздары екі рет – 2003 және 2019 жылдары финалда бәсекелестеріне  есе жіберіп қойған еді. Бұл жолы Бельгия байтағында өткен континент біріншілігі олардың бағын жандырып берді.

Ал үшінші орын үшін таласта Нидерланд Италияны ұтып шықты  – 3:0 (25:23, 28:26, 25:20).

 

Таңбалар: әйелдерЕуропаТүркия құрамасы

Ұқсас мақалалар

Конституциялық сот Тоқаевтың қайта сайлауға түсуге құқылы екенін дәлелдеп берді
Жаңалықтар

Тоқаев шахмат олимпиадасында екінші орын алған Қазақстан құрамасын құттықтады

28.09.2026
Германия НАТО-ның еуропалық нұсқасын құру идеясын қолдады
Жаңалықтар

Германия НАТО-ның еуропалық нұсқасын құру идеясын қолдады

17.04.2026
Еуропалықтар Трампты Қытайдан қаупі зор қайраткер деп атады
Жаңалықтар

Еуропалықтар Трампты Қытайдан қаупі зор қайраткер деп атады

09.04.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist