17 Қазан, 18:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Үндістан билігі елдің атын өзгертуге айрықша құштарлық танытып отыр

7 Қыркүйек 2023 22:46
- Жаңалықтар, Таным
Үндістан билігі елдің атын өзгертуге айрықша құштарлық танытып отыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

НЬЮ-ДЕЛИ. 7 қыркүйек. Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің кабинеті мемлекеттің атын өзгерту жөніндегі ұсынысқа бастамашылық танытып отыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Үкімет мүшелері «Индия» атауының бұл ел Ұлыбританияның отарлық басқаруы кезінде пайда болғанын, сондықтан оның құлдықтың символы болып табылатынын алға тартады.

Енді Нарендра Моди басқаратын билік мүшелері алдағы 18-22 қыркүйек күндері өтуі жоспарланып қойылған парламенттің арнайы сессиясы кезінде мемлекеттің ресми атын Үндістаннан (Индиядан) «Бхарат» деп өзгерту жайында қарар енгізбек ниетте болып отыр.

Министрлер кабинетіндегі өз мәнбелеріне сілтеме жасаған Times Now басылымы «Бхаратия джаната парти» (Үндістан халық партиясы, ҰХП) партиясының лидерлері елдің атауын «Бхарат» деп өзгертуге қолдау білдірді. Партия атынан сайланған депутат Раджья Сабха Нареш Бансал жоғарғы палатаның жақында болып өткен сессиясында сөз сөйлеп, «Үндістан» атауының отаршылдық құлдықтың символы болып табылатынын және оның Конституциядан алынып тасталуы тиіс екенін баяндады.

«Бхарат атауын Үндістан деп британиялықтар ауыстырды. Конституцияның 1-бабында: «Үндістан дегеніміз – Бхарат» деп жазылған. Біздің еліміз мыңдаған жылдар бойы әлемге «Бхарат» атымен танылып келді… Бұл – елдің ежелгі санскрит мәтіндерінде кездесетін көне аты. «Үндістан» атауы отаршылдық басқару кезінде құлдықтың символы ретінде беріле салған», – деді Сабха.

Конституцияға сәйкес, елде бірі – ағылшын, екіншісі хинди депр аталатын екі ресми тіл бар. Мемлекет ағылшын тілінде – Үндістан, хинди тілінде – Бхарат болып аталады.

Хинди – елде ең көп тараған тіл, бірақ Конституцияға сәйкес, тағы 20 тіл ресми тіл ретінде белгіленген. Санскриттік «Бхарат» термині «ардақты» деген мағынаны береді.

Үндістанда осы кезге дейін бірқатар ежелгі атаулар тиесілі қалаларға қайтарылды. Мысалы, 1995 жылы Бомбей –  Мумбай, 1996 жылы Мадрас – Ченнаи, 2001 жылы Калькутта  – Колкату болып шықты.

Таңбалар: атауБхаратөзгерісҮндістан

Ұқсас мақалалар

Ресей бензин тапшылығын Үндістаннан сатып алу арқылы шешкелі отыр
Дәулет

Ресей бензин тапшылығын Үндістаннан сатып алу арқылы шешкелі отыр

02.07.2026
Президент басшылардың қызметке жақындарын алуларына тыйым салды
Жаңалықтар

Президент басшылардың қызметке жақындарын алуларына тыйым салды

13.06.2026
Ресей Қазақстандағы православие шіркеуінің атауын өзгерттірмекші
Әлеумет

Ресей Қазақстандағы православие шіркеуінің атауын өзгерттірмекші

26.07.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist