25 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украинаға ара түскен журналист Овсянникова өзгеріп шыға келді

29 Наурыз 2022 15:36
- Жаңалықтар, Руханият
Украинаға ара түскен журналист Овсянникова өзгеріп шыға келді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 29 наурыз. Ресейдің «Бірінші арнасының» жанжалмен аты шыққан бұрынғы редакторы Марина Овсянникова санкцияға байланысты басқаша сөйлей бастады. Бұл туралы «Фокус» хабарлады.

Журналист итальян бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатына өзінің отбасына да әсер етіп жатқан санкциялардан келіп жатқан зардаптар жайында айтып берді.

Наурыздың 14-і күні «Бірінші арнада» тікелей эфирде жүріп жатқан «Время» бағдарламасы кезінде Ресейде Украинадағы соғыс туралы тек жалған мәліметтер берілетінін плакат арқылы көрсеткен, осы демаршы үшін сот жүзінде айыппұл төлеу жазасын алып, қызметінен қуылған Марина Овсянникова бұл жолы Италияның RAI телеарнасына берген сұхбатында басқа біраз мәселелермен бірге, әлемді кезіп жүрген русофобияға (орыстар мен орысқа қатысты нәрселерді жеккөрушілік – ред.) қынжылыс білдірді.

Овсянникова өзінің бұл ойын Instagram-ға да жазып салды. «Русофобияға жол беруге болмайды. Орыс жұрты Украинада болып жатқан оқиғалар үшін ұжымдық жауапкершілік көтеруге тиіс емес. Мен Италияның RAI телеарнасының «Che tempo che fa» (біздің Урганттың хабарына ұқсайды) бағдарламасының тікелей эфирінде батыс санкцияларына қарсы сөз сөйледім. Бұдан бірінші кезекте қарапайым адамдар зардап шегеді. Менің анам мүгедек, қазір қажетті дәрі-дәрмектерін сатып ала алмай отыр. Менің қызым өзінің виртуалды картасымен мектепте түстік ас үшін ақша төлей алмайды. Дүкендердің сөрелерінде қант жоқ, күнбағыс майы мен гигиеналық құралдар таусылып келеді. Ресей студенттерін шетелдік ЖОО-лардан шығаруға, ресейлік музыканттар мен әртістердің концерттеріне тыйым салуға жол беруге болмайды. Тек мәдениет қана осындай қиын кезде бізді біріктіре алады», – деп жазды Овсянникова.

Алайда, ол бұлай жасамаса, күллі әлемің Путин бастаған қанқұйлы соғысты, Украинаның бейбіт халқын қырып жатқан Ресей әскерлерінің агрессиясын қалай тоқтатуға болатынын ашып айтпады.

Рас, Овсянникова арада біршама уақыт өткеннен кейін тек итальян телеарнасына берген сұхбатын ғана қалдырыпты да, басқасының бәрін алып тастапты. Дегенмен, бастапқы мәтін түпнұсқасын скриндеп, Желіде сақталып қалғандар бар екен.

Facebook әлеуметтік желісінде осыған байланысты Марина Овсянникованың 14 наурыз күнгі әрекетінің фейк, жай көзбояшылық тірлік екені, мұның бәрінің батыстың Ресейге санкцияларының қысымын азайту үшін билікпен келілісіп жасалған спектакль болып шыққаны жөнінде алуан түрлі пікірлер тарай бастады. Украина жағындағы бірқатар блогерлер мұның фейк нәрсе екенін сол күні-ақ мәлімдеген көрінеді.

 

Таңбалар: Маина Овсянниковасұхбатфейк

Ұқсас мақалалар

Кремль шерудің репетициясын алдын ала түсіріп қойды
Жаңалықтар

Кремль шерудің репетициясын алдын ала түсіріп қойды

08.05.2026
РФ пропагандистері фейк сюжетіне қазақстандық әйелді пайдаланған
Әлеумет

РФ пропагандистері фейк сюжетіне қазақстандық әйелді пайдаланған

14.09.2025
Пугачева: Отанының дұрыс емес жерін айту – патриоттық (видео)
Жаңалықтар

Пугачева: Отанының дұрыс емес жерін айту – патриоттық (видео)

10.09.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist