17 Қазан, 20:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украинадағы соғыс. 11 сәуір күнгі кешке дейінгі негізгі оқиғалар

12 Сәуір 2022 16:22
- Жаңалықтар, Таным
Украинадағы соғыс. 11 сәуір күнгі кешке дейінгі негізгі оқиғалар
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

«Белсат» сайты Ресейдің Украинада жүргізіп жатқан кең ауқымды соғысының өткен тәуліктердегі қорытындысын шығарды. Шолуда 11 сәуір күннің кешінде белгілі болған оқиғалар басты орын алады.

Украина Бас прокуратурасының офисінде Украинада соғыс басталғалы бері 183 баланың қаза тапқаны хабарланды. Сол сияқты 340-тан астам бала әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алып қалған. Ведомствоның дерегі бойынша, 525-тен астам бала зардап шеккен. Бұдан бөлек, БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы қазіргі дейін бейбіт тұрғындар арасында 1793 адамның қаза тапқанын жеткізіп отыр.

Украина Қарулы күштерінің Бас штабы соғыс басталғалы бері Ресейдің жеке құрамы жөнінен шығынының соңғы деректерін ұсынады. Ондағы мағлұмат бойынша, 19,5 мың жауынгер опат болған.

Украина президенті Владимир Зеленский Британияның BBC радиосына берген сұхбатында тіпті тез арада бітімге келу үшін де елдің территориясын бөліп тастауға дайын емес екенін айтты. Саясаткер сондай-ақ Ресей Федерациясы өздерінен Қырымды Ресейдің байырғы жері деп мойындауды күтіп отырғанын түсінетінін, бірақ мұның ешқашан болмайтынын атап өтті.

Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович сонымен бірге Ресеймен арадағы текетірестің 2035 жылға дейін баратыны, Украинадағы ахуалдың араб-израиль жанжалының көрінісіне ұқсап кететін жайлы пікір білдірді. Ол оқиғаның мұндай ауыр сценариіне төтеп бере алмайтын украиндарға уақытша шетелдерге бара тұруға кеңес берді. Кеңесші мұны Путин армиясы Донбасс территориясын түгел басып алған жағдайда жасау керектігін еске салды. Сол кезде Украина осы жер үшін жан аянбай соғысады, ол орасан зор адам шығыны мен экономиканың күйреуін алып келеді.

Украина Жоғарғы радасының адам құқығы істері жөніндегі уәкілі Людмила Денисова Ресейде Украинаның әртүрлі аймақтарынан күштеп әкетілген украиналық азаматтарға паспорт берудің басталып кеткенін жеткізді. Оның айтуынша, Ресей азаматтығын алу жөнінде арыз жазуға мәжбүр етілген14 мыңға жуық украинның 12 мыңына қазірдің өзінде паспорт таратылып қойылыпты.

Украинаның әділет министрі Денис Малюсько 42 елдің ресейліктердің Бучадағы, Гостомелдегі, Бородянкадағы және Украинаның басқа да қалаларындағы соғыс қылмыстары себебімен Гаагадағы Халықаралық сотқа шағым түсіргенін мәлімдеді.

Еуроодақтың шетел істері және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель ЕО елдерін шұғыл түрде Украинаға қару-жарақтан көмек беруге шақырды. Алайда, сол бойда Германия канцлері Олаф Штольц өз елінің қару-жарақ беру «лимиті шегіне жеткенін» атап өтті.

Украинаның Беларусьтегі елшісі Игорь Кизим украин-орыс келіссөзіне Александр Лукашенко өкілдері қатысуынан ешқандай қисын көріп тұрмағанын баяндады. Ол мұның мәнісін тіпті Беларусьтің сыртқы істер министрлігі де дұрыстап түсініріп бере алмағанына назар аударды. Украин өкілі сондай-ақ Лукашенконың бұл келіссөзге қандай рөлде қатысатыны да түсініксікз екенін айтты. Зардап шегуші ме, басқыншы ма, әлде бітімгер немесе делдал ма, – ол кім болады?

Таңбалар: бітімсоғысУкраина

Ұқсас мақалалар

Лукашенка армияның соғысқа қаншалықты дайын екенін тексеруді бұйырды  
Жаңалықтар

Лукашенка армияның соғысқа қаншалықты дайын екенін тексеруді бұйырды  

12.09.2026
Мәскеу жақтан бір дабыл күтеді жұрт…
Жаңалықтар

Мәскеу жақтан бір дабыл күтеді жұрт…

05.09.2026
Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist