18 Қараша, 23:11
RAST.kz
USD USD 444.16 ₸
EUR EUR 487.29 ₸
RUB RUB 5.4 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

16 Қараша 2026 20:37
- Жаңалықтар, Қайнар
Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 16 қараша. Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өндірістік ұжымдардағы әлеуметтік тұрақтылық және еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жиынға мұнай-газ, құрылыс компанияларының, ірі кәсіпорындар мен шаруашылықтардың басшылары қатысты.

Күн тәртібінде өндіріс орындарындағы еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың құқықтарын қорғау, жалақыны уақытылы төлеу, өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау және еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Аймақ басшысы кәсіпорындардағы тұрақты әлеуметтік ахуал, жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау, әл-ауқатын арттыру маңызды міндет екенін атап өтті.

«Еңбек шартының сақталуына, жалақының уақытылы берілуіне, қауіпсіздік талаптарына қатысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс.  Адал еңбек лайықты бағаланып, маңдай терімен тапқан табыс уақытылы төленуі қажет. Барлық жауапты басқармалар мен департаменттерге ескертемін, бұл бағыттағы жұмысты босаңсытуға, немқұрайлықарауға жол берілмейді», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Мәжілісте жауапты сала басшыларына мұнай-газ компаниялары мен кәсіпорындардағы әлеуметтік ахуалға тұрақты мониторинг жүргізу, еңбек заңнамасының сақталуын және жалақының уақытылы төленуін бақылау тапсырылды. Сондай-ақ өндірістік нысандардағы өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қадағалау, жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын күшейту міндеттелді. Экологиялық талаптардың сақталуы да ұдайы бақылауда болуы қажет.

Құрылыс саласына жауапты басқармалар мен қала, аудан әкімдіктеріне жұмыс сапасы мен мерзімін бақылау жүктелді.

Ал ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы шаруашылықтардың қаржылық-экономикалық жағдайына, жұмысшылар алдындағы міндеттемелеріне және жер ресурстарын тиімді пайдалануына талдау жүргізуі тиіс.

Таңбалар: әлеуметтік қауіпсіздікҚызылордаотырыс

Ұқсас мақалалар

Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті
Аймақ

Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті

14.11.2026
Қызылордада экологиялық мәдениет пен тазалыққа арналған сенбілік өтті
Аймақ

Қызылордада экологиялық мәдениет пен тазалыққа арналған сенбілік өтті

07.11.2026
Қызылордада Сахи Романовтың 100 жылдығына орай өткен суретшілер симпозиумы аяқталды
Жаңалықтар

Қызылордада Сахи Романовтың 100 жылдығына орай өткен суретшілер симпозиумы аяқталды

07.11.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті

    Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті

  • Қазалы ауданының екі іргелі елді мекеніне «көгілдір отын» келді

  • Тоқаев: Жемқорлық – мемлекеттік компаниялардың ең осал тұсы

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті

  • Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 444.16 ₸
EUR EUR 487.29 ₸
RUB RUB 5.4 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist