17 Қазан, 22:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Үкімет отырысында адал фармацевттерге қолдау көрсетілетіні айтылды

2 Желтоқсан 2025 19:07
- Әлеумет, Жаңалықтар
Үкімет отырысында адал фармацевттерге қолдау көрсетілетіні айтылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 2 желтоқсан. Бүгін өткен Үкімет отырысында республика фармацевтика саласына көрсетілетін қолдаудың жай-жапсары талқыланды. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжаса Бектенов отандық фармацевтика саласына қаржы тартуды ынталандыру мақсатында инвестициялар туралы келісімдер жасалып жатқанын атап өтті.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндіру бойынша 9 инвестициялық жоба қолға алынған.

Денсаулық сақтау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, үш ай ішінде барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтап, инвесторлармен келісімдердің жасалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

«Дәрі-дәрмекке баға белгілеудің жаңа цифрлық жүйесі фармацевтикалық нарықтағы барлық қатысушылар үшін бірыңғай ережелерді бекітті. Биыл препараттарға бағаны төмендетудің арқасында мемлекет дәрілерді сатып алуда 36 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеді. Бұл қаражат халықты қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бағытталады. Сатып алу бағаларының төмендеуі өндірушілер мен жеткізушілерге ұнай бермейтіні түсінікті. Бірақ біз азаматтарымыздың мүдделерін басшылыққа алуымыз керек. Дәрілер әділ бағамен сатып алынады. Отандық фармацевтикалық өндірушілерге айтарым, біз Сіздерді әрі қарай да қолдаймыз. Оған ешқандай күмән болмасын. Бірақ мемлекеттік қолдау шаралары сапалы медициналық өнімді жеткізетін және бағаны жасанды түрде өсірмейтін нарықтың адал қатысушыларына ғана көрсетіледі», — деді Премьер-Министр.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2026 жылға арналған препараттарды сатып алу жаңартылған жүйе бойынша жүргізіліп жатқанын айтты. Дәрі-дәрмектердің кең тізімінің құнын төмендету нәтижесінде айтарлықтай бюджеттік тиімділікке қол жеткізілген. Бірқатар жоғары шығынды дәрілік заттар бойынша бағалар 50%-дан 300%-ға дейін төмендеді. Бұл, ең алдымен, онкологиялық препараттарға қатысты. Мысалы, Иматиниб дәрісі бойынша баға 9450 теңгеден 2348 теңгеге төмендеді, ал Бевацизумаб дәрісінің бағасы 360 мыңнан 77 мыңға дейін түсті.

Сонымен қатар дәрі-дәрмектер өзге де профильдер бойынша айтарлықтай арзандады. Осылайша, антибиотик Цефепим бойынша бюджетті үнемдеу 174 млн теңгені (-40%), ал иммунобиологиялық препарат Экулизумаб бойынша – 424 млн теңгені (-18%) құрады. Ең жоғары бюджеттік тиімділікті қамтамасыз ететін ТОП-10 препаратқа Бевацизумаб, Иматиниб, Сорафениб және Сунитиниб сияқты препараттар кірді. Сондай-ақ Инсулин деглудек, Метотрексат, Элтромбопаг, Будесонид және Йопромид бағасы айтарлықтай төмендеді.

Өзгерістер бөлшек сауда нарығына да әсер етті. 4 900 дәрі-дәрмектің бағасы қайта қаралды. Қазан-қараша айларында дәріханалардың мониторингі танымал препараттардың құны орта есеппен 12%-ға төмендегенін көрсетті. Мысалы, «Цефапс» препараты 31%-ға, «Зитмак» – 20%-ға, ал «Ревмоксикам» – 32%-ға арзандады.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, негізгі отандық өндірушілер жаңа ережелерге бейімделіп, дәрі-дәрмектер желісінің бағасын төмендетіп үлгерген. Үнемделген қаражаттар ең алдымен алғаш рет анықталған пациенттердің қосымша қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Жалпы алғанда, жаңа баға белгілеу моделі тұрақты және болжамды нарықты қалыптастырып, жеткізу қауіпсіздігін нығайтады және сыртқы баға ауытқуларына тәуелділікті төмендетеді.

Министрлік қол жеткізілген нәтижелерді нығайта түсу бағытында осы жанды жұмыстарды одан әрі жалғастырады.

Таңбалар: бағаҮкімет отырысыфармацевтика

Ұқсас мақалалар

Бауыржан Жүсіпов республикалық фармация комитетінің төрағасы болып бекітілді
Әлеумет

Бауыржан Жүсіпов республикалық фармация комитетінің төрағасы болып бекітілді

12.09.2026
Хаби Алонсо «Челсидегі» бірінші матчында дебюттік гол соққан Дастанды мақтады
Жаңалықтар

Хаби Алонсо «Челсидегі» бірінші матчында дебюттік гол соққан Дастанды мақтады

29.07.2026
Үкіметте фармацевтика өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды
Дәулет

Үкіметте фармацевтика өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды

01.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist