25 Тамыз, 10:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Трамп пен Путиннің саммиті құр эмоциядан басқа ештеңе әкелген жоқ

16 Тамыз 2025 11:17
- Жаңалықтар, Қоғам
Трамп пен Путиннің саммиті құр эмоциядан басқа ештеңе әкелген жоқ
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АНКОРИДЖ. 15 тамыз. АҚШ-тың Аляска штатында өткен Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуі Украиндағы соғысты тоқтатуды жүзеге асыратындай ештеңе әкеле алмады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Әлемнің көптеген саясаттанушылары мен сарапшылары алдын ала атап өткеніндей, АҚШ Дональд Трамптың «бұл істе ілгері жылжушылық бар, бірақ әзірге келісім ғана жоқ» дегеніне қарамастан, ешқандай сүбелі шешім әкеле қоймады.

15 тамызда Аляскада АҚШ пен Ресей басшыларының 4 жылдан астам уақыттағы алғашқы бетпе-бет келіссөздері өтті. Тараптар келіссөздерге риза екенін айтады, бірақ әлі күнге дейін Украинадағы соғысты тоқтату туралы келісім жасала қойған жоқ», – делінген хабарламада.

Дональд Трамп пен Владимир Путин АҚШ-тың Анкоридж қаласындағы Эльмендорф-Ричардсон әуе күштерінің базасында «үштен – үшке» форматында келіссөз жүргізді. Екі тарап та келіссөздерді сындарлы және нәтижелі деп атады, бірақ сонымен бірге Украинадағы соғысты тоқтату туралы келісімге әлі келе алмады.

Аляска саммиті қарсаңында Украина президенті Володимир Зеленський Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі Киев, Мәскеу және Уашингтонның қатысуымен «адал бейбітшілік пен көшбасшылар арасындағы үшжақты форматтағы мазмұнды әңгімеге нақты жолды ашады» деп үміттенетінін айтты. Ол сондай-ақ Аляска саммитінен кейін Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесуге келісті.

Келіссөздер үш сағатқа жуық уақытқа созылды, содан кейін Путин мен Трамп журналистер алдына шығып, бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. Сегіз минуттық баяндаманы бірінші болып Ресей басшысы жасады. Атап айтқанда, ол Құрама Штаттарды «жақын көрші» деп атады, сонымен қатар соңғы жылдары елдер арасындағы қарым-қатынастар «қырғи-қабақ соғыстан кейінгі ең төменгі деңгейге дейін түсіп кеткенін» атап өтті. Осыған байланысты, деп жалғастырды Путин, оның Трамппен кездесуі «шынымен де кештетіп өтті».

Ресей президенті сондай-ақ Украинадағы соғыс келіссөздердің «орталық мәселелерінің біріне» айналғанын айтты. Ол Трамптың ел үшін қауіпсіздік кепілдігінің қажеттілігі туралы ұстанымымен келіседі, бірақ сонымен бірге «Украинадағы оқиғалар Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне іргелі қатерлер төндіретініне байланысты» және қақтығысты шешу үшін «дағдарыстың барлық негізгі себептері жойылуы керек» деген сөзін тағы қайталады. Осының өзі Путиннің соғысты ешқашан өз бетімен тоқтатпайтынын анық білдірді. Себебі, оның қойғалы отырған шарттарына Украина президенті де ешқашан келіспейді. Кремль диктаторының дағдарыстың себебі жайлы сөзі тіпті сандырақ, ол Украинаны Ресейдің еркімен, Мәскеудің ықпалында жүргізу дегенге келіп саяды.

Трамптың сөзі төрт минуттан аз уақытқа созылды. Ол бірден делегациялардың «толық түсіністік таба алмағанын» және «өкінішке орай, әлі мәміле болмағанын» атап өтті. Сонымен бірге АҚШ президенті кездесуде «елеулі прогреске» қол жеткізілгенін және Украинадағы соғысты бейбіт жолмен реттеуге қол жеткізу ықтималдығы «өте жақсы» екенін мәлімдеді. Содан кейін Трамп келіссөздердің егжей-тегжейлерімен бөлісу үшін Зеленский мен НАТО серіктестеріне телефон соғуға уәде берді. Соңында ол жақын арада Путинмен қайта кездесуге үміт білдірді. Ресей президенті мұны Мәскеуде жасауды ұсынды, оған Трамп: «Бұл әбден мүмкін» деп жауап берді.

АҚШ президенті Fox News арнасына берген жарты сағаттық сұхбатында келіссөздер күнін «10-нан 10» деп бағалады. Оның айтуынша, бірлескен баспасөз мәслихатынан кейін ол Кремль басшысымен оңаша «барынша шын жүректен» сөйлескен. Трамп енді соғысты тоқтату туралы келісімге келу Володимир Зеленськийге байланысты екенін айтты. Ол Украина президентіне Путинмен келісімге келуге кеңес берді. Ал Трамп алдағы 2-3 апта ішінде Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы ойламауға уәде берді.

Таңбалар: АляскаВладимир ПутинДональд Трампсаммит

Ұқсас мақалалар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026
Трамп Украинаға Patriot зымыранын жасауға лицензия беру жайын әлі шешпегенін айтты
Жаңалықтар

Трамп Украинаға Patriot зымыранын жасауға лицензия беру жайын әлі шешпегенін айтты

31.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist