5 Қыркүйек, 13:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тоқаев: Қазақ – келешегіне батыл қадам басатын нағыз жеңімпаз ұлт

26 Тамыз 2026 18:18
- Жаңалықтар, Қоғам
Тоқаев: Қазақ – келешегіне батыл қадам басатын нағыз жеңімпаз ұлт
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 26 тамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің республикалық тамыз конференциясында қазақтың келешекке батыл қадам жасайтын нағыз жеңімпаз ұлт екенін мәлімдеді. Бұл туралы Kazinform.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Президент республикалық тамыз конференциясында білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі міндеттерді атап көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бір мезетте сапалы білім беріп, өзіне сенімді тұлға қалыптастырып, жастарды цифрлық экономиканың жаңа мүмкіндіктеріне дайындауы керек деген міндеттерді алға қойды.

Ол кезек күттірмейтін міндеттердің бірі ретінде барлық өңірде сапалы мектеп құрылысын жалғастыруды, әсіресе оқу орындарында орын тапшылығы сақталған аймақтарға басымдық беруді атады.

«Бұл – алдымызда тұрған мемлекеттік маңызға ие аса өзекті міндет. Уақытты созбай жұмысқа кірісуіміз керек, келесі жылы құрылыс барысы қарқынды болуы қажет», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Мемлекет басшысы білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістерге жеке тоқталды. Оның айтуынша, әрбір реформаны, әсіресе, білім саласындағы реформаны жүзеге асыру алдында оны жан-жақты саралау қажет, оның тиімділігіне әбден көз жеткізу керек.

«Тек реформа үшін жай ғана аты бар, заты жоқ реформалар жүргізуді доғару қажет. Басқа сөзбен айтқанда, реформаларды, өзгерістерді, әрине, жүргізу керек, бірақ ондай өзгерістер мұғалімдерді әбден шаршатып, оларды күйзеліске ұшыратпауы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді қағазбастылықтан, бітпейтін есептен, артық аттестация талаптары мен пайдасыз тексерістерден босатуды тапсырды.

«Мұғалімдерді жөндеу жұмыстарына, оқу процесіне тікелей қатысы жоқ түрлі қоғамдық іс-шараларға тартқаны туралы жаңалықтар ара-тұра шығып жатады. Бұл жөнінде әлдеқашан келіскенбіз. Бұған жол беруге болмайды. Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктер басқармалары, ең алдымен, құқықтық-нормативтік актілер мен саланы реттеу базасын жетілдірумен, оқу процесін тиімді ұйымдастырумен және білім беру бағдарламаларын мұқият саралаумен айналысуы қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінің едәуір бөлігін балалар мен жастар тәрбиесіне арнады. Оның пікірінше, білім беру жүйесі қиындықтарды еңсере алатын, өзіне сенімді азаматтарды тәрбиелеп шығару керек.

«Ұстаздарымыз ең алдымен ойы таза, ниеті түзу, жақсылыққа, жарқын болашаққа сенімі зор жігерлі азаматтарды тәрбиелеуге тиіс. Өзіне сенімсіз, жасық, әр нәрсеге мұңая беретін, үнемі күйзелісте жүретін кертартпа адамның болашағы бұлыңғыр. Тағы да айтып кетейін. Қазақ – кез келген сын-қатерді еңсеруге дайын жұрт, келешегіне сеніммен қарап, алға қарай батыл қадам басатын нағыз жеңімпаз ұлт. Өткенге өкпе артып, тарихтағы сәтсіздіктер үшін басқа халықтар мен мемлекеттерді айыптау — болмысымызға мүлдем жат дүние», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент тексерілмеген тарихи деректер мен оқиғалар сипатталатын, балаларға жалған «қаһармандар» мен олардың «ерлігі» жөнінде әңгімелейтін аңыздар енген оқу материалдарын қайта қарау қажеттігін айтты.

«Жалған, ойдан құрастырылған мәліметтер тарату арқылы балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу жақсылыққа апармайды. Бұл халқымыздың ар-ұжданына қайшы. Біздің кейбір қаламгерлеріміз «мұң» деген сөзді жақсы көреді: «жүрегімде мұң, көзімде мұң»! Мұң-қайғы жастық шаққа, жастарға жараспайды. Өскелең ұрпақ өз халқының тарихын дұрыс түсіне отырып, болашаққа үмітпен және сеніммен қарауға тиіс», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желіде тіркелуіне тыйым салу туралы заң жобасын Құрылтайда қарауды ұсынып, балаларға арналған SIM-карталарды енгізуді тапсырды.

«Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында депутаттарға осы мәселені қарастыруды ұсынамын. Көптеген озық елдер осы іспеттес шаралар қабылдады. Бізге де балалардың психологиялық жай-күйіне төнген қауіптің салдарымен күресуді доғарып, алдын алатын кез келді деп ойлаймын. Әйтпесе бұл қоғамның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді», – деді Мемлекет басшысы.

 

Таңбалар: қазақ ұлтыҚасым-Жомарт Тоқаевтамыз конференциясы

Ұқсас мақалалар

Қызылордада Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы талқыланды
Әлеумет

Қызылордада Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы талқыланды

03.09.2026
Президент өз Жарлығымен Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын құрды
Жаңалықтар

Президент өз Жарлығымен Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын құрды

29.08.2026
Сыр бойы мұғалімдері дәстүрлі тамыз конференциясында бас қосты
Аймақ

Сыр бойы мұғалімдері дәстүрлі тамыз конференциясында бас қосты

28.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist