11 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы талқыланды

3 Қыркүйек 2026 22:03
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қызылордада Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы талқыланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 қыркүйек. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабын талқылауға арналған өңірлік дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Алқалы жиынды облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет жүргізіп отырды.

Жаңа фолиантты талқылауға жергілікті зиялы қауым, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми-академиялық орта өкілдері, заңгерлер мен белсенді жастар қатысты.

Жиында Мемлекет басшысының еңбегінде көтерілген негізгі тақырыптар, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, рухани-адамгершілік мәселелер мен ел дамуының стратегиялық бағыттары жан-жақты ортаға салынды.

Мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы өзінің «Әділетті Қазақстан, Таза Қазақстан, халықаралық саясат» атты баяндамасында еліміздегі жүйелі реформалар, қоғамдық жауапкершілік және экологиялық бастамалардың өзара сабақтастығына тоқталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректоры, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Наурызбай Байқадамов өз баяндамасында бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудағы сапалы білім, ғылым мен тиімді мемлекеттік басқарудың маңызын атап өтті.

Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Қаршыға Есімсейітова «Тарих, мәдениет және руханият туралы пайымдар» тақырыбында ұлттық құндылықтарды сақтау, тарихи сананы жаңғырту және рухани сабақтастық мәселелері жайлы ой қозғады.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, заң ғылымдарының кандидаты Ақзада Мадалиева «Конституция және Заң мен Тәртіп» тақырыбындағы баяндамасында құқықтық мемлекетті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелерін саралады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің философия докторы (PhD) Серікхан Жүзеев «Жастарға арналған ойлар: білім, еңбек, жауапкершілік және болашақ» тақырыбында сөз сөйлеп, жас ұрпақтың бойында білімге ұмтылыс, еңбекқорлық, отаншылдық және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастырудың маңызы жайлы әңгімеледі.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Мемлекет басшысының еңбегіндегі әділеттілік, заң үстемдігі, ашықтық, адал еңбек пен жауапкершілік қағидаттарының қоғам дамуындағы маңызын жан-жақты сөз етті.

Пікір алмасу кезінде «Заң мен Тәртіп» қағидатын қоғамдық санада орнықтыру, ұлттық руханиятты дамыту, білім мен ғылымның беделін арттыру, жастарды адал еңбек пен азаматтық жауапкершілікке баулу  жөнінде ұсыныстар айтылды.

Жиын Мемлекет басшысының еңбегінде көтерілген бастамалар мен құндылықтарды қоғамда кеңінен насихаттауға, ел болашағына қатысты өзекті мәселелер төңірегінде мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік берген маңызды диалог алаңына айналды.

 

Таңбалар: жаңа кітапҚасым-Жомарт Тоқаевтұсаукесер

Ұқсас мақалалар

ТМД мемлекеттері басшылары қазақ ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады
Жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары қазақ ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

08.10.2026
Президент Қорғаныс министрлігінің үш басшысын орындарынан алды
Жаңалықтар

Президент Қорғаныс министрлігінің үш басшысын орындарынан алды

03.10.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

28.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist