18 Қазан, 10:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тоқаев Путинге әскерилер бүлігін басуға көмектесе алмайтынын ұқтырды

24 Маусым 2023 18:28
- Жаңалықтар, Қоғам
Тоқаев Петербург экономикалық форумына қатысудан бас тартты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 24 маусым. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге еліндегі әскери бүлікті басуға қол ұшын соза алмайтынын ишарамен түсіндірді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Ресей диктаторы бүгін таң азаннан бастап, ҰҚКШ елдері лидерлеріне қоңырау шалып, сөйлесіп шықты. Ол өз елінде «Вагнер» жеке әскери компаниясы содырларының бас көтеруімен болып жатқан оқиғалар жайынан хабардар етті.

Путин Беларусь, Қазақстан және Өзбекстан президенттерімен тілдесті.

Ахуалға қарағанда, бұлардың арасынан ешкім де көтерілісті басу үшін ҰҚКШ әскерлерін іске қосуға ынта білдірмеген. Мұны Қазақстан презденті өзінің сайтында анық аңғартады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі», – делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ал Владимир Путин сондықтанг өз кезегінде Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтумен шектелген.

Белорус диктаторы Александр Лукашенко де Путинмен әңгімесі барысында әскери көмек көрсету жөнінде ләм-мим деп жақ ашпаған. Бір қызығы, ол 24 маусым күні түнде өз отбасымен бірге Минскіден ұшып шығып, таңертең, сағат 05:15-те Түркияның Бодрум қаласына барып қонған. Оның мұнысы мына қырғыннан бой тасалаудың бір амалы ма, жоқ әлде басқа астары бар ма, бұл жағы әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, 23 маусым күні кешке ресейлік «Вагнер» ЖӘК қожайыны Евгений Пригожин РФ армиясын өздері жатқан лагерьлерді ракетамен атқылады деп айыптап, РФ қорғаныс министрі мен бас штабтың бастығын осыған жауапты деп жариялады. Негізі, бұл болжам шындыққа жанасатын сияқты, себебі, Сергей Шойгу мен Валерий Герасимовтың бір-бірімен сөйлесіп, «Вагнерді» құрдымға жіберу жөнінде айтып жатқан әңгімелері артынша аудиожазбамен әлеуметтік желіге тарап кеткен еді.

Осыдан кейін Евгений Пригожин көп кідірмей, Шойгу мен Герасимовты іздеп, Оңтүстік армия округі орналасқан Дондағы Ростов қаласына бет алды. Оны 10 сағаттың ішінде бір оқсыз басып алған «вагнершілердің» бір бөлігі әлгілерді қолға түсіру үшін Мәскеуге жол тартты. Қазір олар Воронеж және Липецк облыстарын да басып алды.

Осы тұста «Вагнерге» ДЛХР армияларының қосылғалы келе жатқандары белгілі болып қалды.

Мұның алдында Егор Гузенконың 70 адамнан тұратын әскері келіп қосылғанын жазған едік.

Бүгін Путин осы бүлікке байланысты үндеу жариялап, көтерілісшілерге тез берілуді бұйырған болатын. Бұған пригожиншілер оның өзін «орыс кораблінің» артынан жіберіп, тақтан тайдыратындарын айтып жауап қайтарды.

Пригожин көтерілісінің дәл қазіргі мезеттегі ресми мақсаты – Ресейдің жоғары әскери басшылығын өлім жазасына тартып, жемқорлыққа батқан және әділетсіз режимді жою.

Таңбалар: әңгімеВладимир ПутинкөмекҚасым-Жомарт Тоқаев

Ұқсас мақалалар

Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпы ұлттық идеологияға айналып келеді
Жаңалықтар

Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпы ұлттық идеологияға айналып келеді

17.10.2026
ТМД мемлекеттері басшылары қазақ ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады
Жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары қазақ ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

08.10.2026
Президент Қорғаныс министрлігінің үш басшысын орындарынан алды
Жаңалықтар

Президент Қорғаныс министрлігінің үш басшысын орындарынан алды

03.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist