9 Шілде, 14:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Талдықорғанда Назарбаев ескерткішінің тас тұғыры да сүрілді

7 Ақпан 2024 16:28
- Аймақ, Жаңалықтар
Талдықорғанда Назарбаев ескерткішінің тас тұғыры да сүрілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 ақпан. Жетісу облысының орталығында байырғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішінен қалған тастұғыр кеше түнде алынып тасталды. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Талдықорғанда 2022 жылға дейін Назарбаев ескерткіші тұрған тұғыр қиратылды. Іргетасты бөлшектеп бұзып алу тәуліктің түн мезгілінде жүргізілді», – делінген агенттік хабарламасында.

Негізі, Талдықорғандағы Назарбаев ескерткіші 2022 жылғы Қаңтар оқиғалары кезінде қиратылған еді. Оны шеруге шыққан қала халқы құлатып тастады. Кейін осы үшін Серік Күдебаев бастаған облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қолға түскен шерушілерді аяусыз ұрып-соғып, сұмдық азар берді.  Олардың құдайларын ұмытып, бұйрыққа беріліп кеткендері сондай, кейбірі тіпті тұтқындардың арқасына қыздырылған үтік те басты.

Бірақ  сырты жезбен қапталған, ортасы қуыс, қауақтай қауқиған ескерткіш алынып тасталғанымен, оның табан тіреп тұрған тұғыры мызғымай қалып қойған еді. Кейін қала тұрғындары оны бөлшектеп алу жайын бірнеше рет көтерді. Алайда жергілікті биліктің бұған тәуекел етуіне екі жылдан астам уақыт кетті.

Сол уақыттары талдықорғандықтар бұл жерге Абай ескерткішін орнатуды да ұсынды. Себебі,  алаң Абай атындағы көшеге жақын орналасқан екен. Бірақ бұған да билік өзінің кесімді ойын айта алмады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның экс-президенті құрметіне қаптап қойылған ескерткіштер соңғы уақыттары шеттерінен біртіндеп алынуда. Мәселен, «отыз жылғы ойран» бас дирижерінің Астанадағы Ұлттық қорғаныс университеті аумағындағы ескерткіші 2023 жылдың соңына қарай тұғырынан тайды. Содан кейін Алматы метросының Алмалы станциясындағы панносы құртылды. Ал 2024 жылдың 1 ақпанында оның тас мүсіні Ұлттық музейдің атриумынан шығарылды. Сол сияқты 2 ақпанда Алматыда Назарбаевтың құлдырау динамикасы суреттелген инсталляция көрсетілді.

Өзінің көзі тірісінде өзіне ескерткіш қойғыздырған бұрынғы диктаторлардың бірде-бірінің тарихта жақсы аты жоқ. Сонау антикалық дәуірден бері қарай Сталинге дейін түгел елдің есінде жауыз тиран есебінде сақталып қалды.

Таңбалар: ескерткішНазарбаевТалдықорғантастұғыр

Ұқсас мақалалар

Астанада «Үш арыс» ескерткіші үстіне мініп алған есірік қыз ұсталды
Әлеумет

Астанада «Үш арыс» ескерткіші үстіне мініп алған есірік қыз ұсталды

27.05.2026
Вологдада екі жылда Сталинге төртінші ескерткіш орнатылады
Жаңалықтар

Вологдада екі жылда Сталинге төртінші ескерткіш орнатылады

28.01.2026
НАЗАРБАЕВ БИЛІКТЕН НЕГЕ КЕТТІ?
Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ БИЛІКТЕН НЕГЕ КЕТТІ?

02.01.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist