9 Шілде, 14:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Семейдегі футбол матчынан кейін арбитрдың боқтығынан жанжал туып кетті

15 Маусым 2026 17:43
- Әлеумет, Жаңалықтар
Семейдегі футбол матчынан кейін арбитрдың боқтығынан жанжал туып кетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

СЕМЕЙ. 15 маусым. Кеше Семейде ойналған жергілікті «Елімай» мен «Ордабасы» арасындағы матч төрешісінің өрескел дөрекілігі мен бейәдеп сөздерінен кейін кең қарқынмен үлкен жанжал өріс алды. Бұл туралы әлеуметтік желі дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Алдымен жанкүйерлер осы кездесудің соңында астаналық төреші Арман Исмұратовтың гардеробқа барар дәлізде «Елімай» клубының директоры Федор Семинидиге: «Алда әлі жарты маусым бар, соның соңына дейін әкелеріңді танытам» деп жатқаны түсірілген видео тарады. Біз, әрине, «әкелеріңді танытам» деп, барынша жұмсартып айтып отырмыз, шын мәнінде бұл жерде орыстың ең әдепсіз боқтық сөздерінің бірі тұр.

Журналист Оңғар Қабден мұның алдында арбитрдың өзі алаңнан қуып жатқан «Елімай» ойыншысы Жанали Пайрузға орысша «пошел нах.. отсюда» дейтін тұсының да видео бар екенін жазады.

Ал «Елімайдың» бас жаттықтырушысы Андрей Карпович арбитр Арман Исмұратовтың түйінді тұстарда бұра тартып, кездесу нәтижесіне әсер еткенін жазады. Бұдан кейін оның боқтық сөздеріне оралып, өзін «жыртып» жіберетінін айтқанын баяндайды.

Жаттықтырушы мұның «кәсіпқой футболға жатпайтын жабайылық» екенін, енді оны қайтып алаңға жіберуге болмайтынын атап көрсетеді.

Карпович соңында футбол органдары мен төрешілер корпусы тарапынан бұл инцидентке ресми баға берілетініне үміт артатынын айтады.

Оқыс оқиға әлеуметтік желі пайдаланушылар арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Мәселеге Парламент депутаттары да араласуда. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов ол жайлы әлеуметтік желіде пост жариялады.

Көпшілік 1987 жылы Қостанай облысында туған Арман Хамитұлы Исмуратовтың былапыт сөздерінде сондай-ақ күш көрсету,  қоқан-лоққы жасау элементтері  (Қылмыстық кодекстің 131-бабы) бар екенін де еске салады.

Таңбалар: Арман ИсмуратовбоғауызЕлімай-Ордабасытөреші

Ұқсас мақалалар

Алматыда аузына келгенін аталаған ресейлік қыз 10 тәулікке қамалды
Жаңалықтар

Алматыда аузына келгенін аталаған ресейлік қыз 10 тәулікке қамалды

15.05.2026
Түріктің «Анкарагюджю» клубы президенті матчтан соң төрешіні сабап тастады
Жаңалықтар

Түріктің «Анкарагюджю» клубы президенті матчтан соң төрешіні сабап тастады

12.12.2023
Елордада боғауыз атаулы бір көше пайда болды
Жаңалықтар

Елордада боғауыз атаулы бір көше пайда болды

16.09.2021

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist