18 Қазан, 20:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рыбакинаның экс-бапкері тағы бір жылға жарыстан шеттетілді

12 Ақпан 2025 22:23
- Жаңалықтар, Тіршілік
Рыбакинаның экс-бапкері тағы бір жылға жарыстан шеттетілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЛОНДОН. 12 ақпан. Британияның The Athletic басылымы хорват жаттықтырушысы Стефано Вуковқа қатысты тексеру жұмыстарының аяқталғанын жария етті. Бұл туралы «Чемпионат.ru» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мәтбұғат, дәлірек айтқанда, Әйелдер теннисі ассоциациясының (WTA) қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның жаттықтырушысы, хорват Стефано Вуковқа қатысты жүргізген тексеруінің нәтижелерін жан-жақты ашып көрсетті.

Мәнбенің ақпары бойынша, Вуковтың дисквалификациясы тағы бір жылға созылады.

Тексеру қорытындысында атап өтілгендей, хорват жігіт Рыбакинаға психикалық және күш көрсету қысымдарын жасаған. Осының өзі теннисшіні ұдайы науқастанып қала беруге апарып жеткізген. Соның салдарынан ол өткен жылы бірнеше халықаралық турнирді аяқтай алмай, өз еркімен жарыс жолынан шығып қалған.

Вуков қазақстандық спортшыны «кем ақыл» деп атап, «өзі болмаса, Елена  Ресейде картоп жинап жүрген болар еді» деген сыңайда әңгіме айтып, қорлап тұрған. Бұған қоса, Вуков пен Рыбакинаның Аустралияның ашық чемпионаты – Australian Open турнирі өтіп жатқан күндері Мельбурндағы мейманхананың бір бөлмесінде бірге тұрғаны да сөз болып жатыр.

2024 жылдың күзінде Елена Рыбакина өзінің Вуковпен қызметтестігінің тоқтағанын жариялаған болатын. Осыдан кейін Стефано этика кодексін бұзғаны үшін WTA-да жұмыс істеу құқығынан айырылды. Елена WTA-ның қорытынды турнирі өткенше жаттықтырушысыз қалды. Сосын серб Горан Иванишевич коуч болып келді. Алайда биылғы қаңтардың соңында онымен де қоштасты.

Сол кезде итальян Давиде Сангинетти бапкер болып белгіленді. Ол Еленаның бұрынғы жаттықтырушысымен аралары «жақын» болғанын айтып қойды. «Вуков үнемі жанымызда болады, оның Еленамен екеуінің арасы жақын. Біз Стефаномен көп қарым-қатынас жасасамыз, біз бір толқындамыз, екі жаттықтырушысы болу деген проблема емес, мұны енді дәстүр десек те болады», – деді Сангинатти The Tennis Gazette газетіне берген сұхбатында.

Таңбалар: ВуковдисквалификацияРыбакина

Ұқсас мақалалар

ХОК Ресей мен Беларусь атлеттерін Олимпиадаға жібермеуге шешім қабылдады
Жаңалықтар

ХОК Ресей мен Беларусь атлеттерін Олимпиадаға жібермеуге шешім қабылдады

26.02.2023
Қазақстан ауыр атлеті допингке байланысты 8 жылға шеттетілді
Жаңалықтар

Қазақстан ауыр атлеті допингке байланысты 8 жылға шеттетілді

22.02.2023

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist