19 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресей әскерлері қашып бара жатып, Каховка ГЭС-ін жарып кетті

6 Маусым 2023 12:33
- Жаңалықтар, Қайнар
Ресей әскерлері қашып бара жатып, Каховка ГЭС-ін жарып кетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ХЕРСОН. 6 маусым. Ресейдің оккупациялық әскерлері 1944 жылғы фашистік герман армиясының әрекетін қайталап, кетерлерінде Каховка су қоймасын жарып қашты. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast,kz хабарлайды.

Херсон облысындағы Каховка гидро-электр станциясының плотинасы рашистердің жарып жіберулері салдарынан ішінара бүліншілікке ұшырады.

Украина Қарулы күштерінің «Оңтүстік» жедел командованиесі басқыншылардың Германия фашистерінің 1944-1945 жылдарғы әрекеттерін сол қалпында қайталағандарын атап өтті.

«Ресей оккупациялық әскерлері Каховка ГЭС-ін жарып кетті. Қазір қирандының ауқымы, судың жылдамдығы мен көлемі, су басып қалуы ықтимал аудандар зерттеліп жатыр», – делінген хабарламада.

«Алдын ала мәлімет бойынша, плотинадағы су өткізгіш 28 құлақшаның 11-і қирап қалған, станцияның төменге су жіберетін құламалары (каскад) бүліншілікке ұшырағаны байқалады. Су басу аймағына 80 елді мекеннің тап болуы ықтимал», – деп атап өтті осы орайда ТАСС-тың ресейлік экстернді қызметтегі мәнбесі.

Херсон облысының Новокаховка ауданы оккупациялық әкімшілігінің юасшысы Владимир Леонтьев әуелгіде плотинаның жарылғанын жоққа шығарып бақты. Бірақ кейін станция плотинасының «бірнеше жерден жырылып кеткенін» мойындады. Ол мұнымен де тоқтамай, ГЭС-тегі бүліншіліктің зор екенін, оларды қалпына келтіру үшін «тап сондай жаңа жұмыс жүргізу керектігін» атап өтті.

Херсон облысы әкімшілігінің басшысы Александр Прокудин судың бес сағаттан кейін «қауіпті деңгейге дейін көтерілетінін» айтты. Украина президенті Володимир Зеленьский Каховка ГЭС-індегі жағдайға байланысты Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің шұғыл отырысын шақырды.

Мемлекет басшысы Ресейдің Украина Қарулы күштері шабуылға шығардың алдында Каховка су қоймасы плотинасын жаруы мүмкін екенін өткен жылғы қазан айында-ақ ескертіп өткен еді. «Бізде Ресей терроршыларының Каховка гидро-электр станциясы тоғаны мен Каховка агрегаттарын миналап қойғаны жөнінде ақпар бар. Бұл – үлкен электр нысандарының бірі.  ГЭС-тің тоғаны 18 миллион текше метрге жуық суды ұстап тұр. Егер ресейлік лаңкестер оны жарып жіберер болса, 80-нен аситам елді мекен, – ішінде Херсонның өзі де бар, – су топанының астында қалады», – деген еді Зеленьский Еуропа одағының саммитінде.

Не айтатыны бар, шағалдар шағалдың тірлігін істейді ғой!

Таңбалар: Каховка ГЭС-і. плотинаРесей басқыншылары

Ұқсас мақалалар

Ресей Украинаға шешуші шайқасқа шықты ма? Сарапшылар пікірі
Жаңалықтар

Ресей Украинаға шешуші шайқасқа шықты ма? Сарапшылар пікірі

13.07.2025
Куба сыртқы істер министрлігі Ресейдің Украинадағы соғысына қарсы шықты
Жаңалықтар

Куба сыртқы істер министрлігі Ресейдің Украинадағы соғысына қарсы шықты

05.09.2023
Қазақстан Ресейдің Украинадағы соғысын тоқтатуға қарсы шықты
Жаңалықтар

Қазақстан Ресейдің Украинадағы соғысын тоқтатуға қарсы шықты

18.12.2022
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist