14 Қыркүйек, 01:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресей енді қарақшылық үшін сотталғандарды да контрактімен әскерге ала береді

5 Тамыз 2026 10:04
- Жаңалықтар, Жаһан
Ресей енді қарақшылық үшін сотталғандарды да контрактімен әскерге ала береді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 5 тамыз. Ресей президенті Владимир Путин бандитизм мен есірткі контрабандасы үшін сотталғандарды армияға келісімшартпен арбап алуға рұқсат етті. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Владимир Путин Қорғаныс министрлігіне бұдан басқа да бірқатар ауыр қылмыстары түрмеге қамалған сотталушылармен келісімшарт жасасуға жол ашып беретін заңға қол қойды.

Жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында немесе соғыс уақытында әскери қызметке алу үшін контракт жасасуға болатындары анықталған тұлғалардың тізімі енгізілген құжат Ресейдің ресми құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

Жаңа мизамға сәйкес, енді қарақшылық, қылмыстық қауымдастыққа қатысу, заңсыз көші-қон ұйымдастыру, қолма-қол ақшаның контрабандасы, ядролық материалдарды заңсыз пайдалану, оларды талан-таражға салу, оқ-дәрілер мен стратегиялық маңызды тауарларды ұрлау және тонау, қару-жарақ саудасы, күзетілген нысандарға заңсыз кіру, жылу-энергетикалық нысандар қауіпсіздігі талаптарын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік құпия сақталған құжаттарды жоғалту баптары бойынша қылмыстық жауап арқалағандардың бәрі «отан алдындағы күнәларын жуу үшін» армияға бара алады.

Осыған қатысты тиісті заң жобасын Мемлекеттік дума 22 шілдеде екінші және үшінші оқылымдарда бірден бекітті. Құжат бұдан алдын үкіметтің тапсыруымен төменгі палатада талқыланған еді.

Мемлекеттік думаның қорғаныс жөніндегі комитеті мүшесі Андрей Колесниктің бастамасы талқылануы кезінде ол «Русьте масқараны қанмен жуудың барлық уақытта болғанын» атап өтіп, енді жұртқа тап сондай «масқараны жуу» мүмкіндігін беру керектігін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұлардың басым бөлігі бірден алдыңғы шабуылдаушы бөлімшелерге түсіп, соғысқа белсене қатысады. «Ол жақтан бәрі бірдей қайта бермейді» дегенді қосты сосын ол. Ал Қорғаныс министрінің орынбасары, РФ Қарулы күштері Бас әскери-саяси басқармасының бастығы Виктор Горемыкин тізімді ұлғайту ықтимал контрактшілер қатарын көбейтуге мүмкіндік беретінін айтты.

Түзетулер Ресейдің Украинамен соғыста адам күшін көптеп жоғалдып алуына орай енгізіліп отыр. Әртүрлі мәліметтер бойынша, биылғы жылдың бірінші жартысында Ресей армиясы ай сайын 30-34 мың адам аралығында жоғалтып тұрған. Ал айына келіп тұрған жаңа контрактшілер саны орта есеппен 27 мың адамды құраған.

Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) мәліметі бойынша, маусым айының басында Ресейдің қаза тапқандары, ауыр жарақат алғандары және хабар-ошарсыз кеткендері бар, соғыстағы жалпы шығыны шамамен 1,4 миллион адамға жеткен. Оның кем дегенде 450 мыңы өлтірілген.

Таңбалар: Ресейсоғыссотталғандар

Ұқсас мақалалар

Лукашенка армияның соғысқа қаншалықты дайын екенін тексеруді бұйырды  
Жаңалықтар

Лукашенка армияның соғысқа қаншалықты дайын екенін тексеруді бұйырды  

12.09.2026
Мәскеу жақтан бір дабыл күтеді жұрт…
Жаңалықтар

Мәскеу жақтан бір дабыл күтеді жұрт…

05.09.2026
Пашинян: Армения енді Ресейді «стратегиялық серіктес» деп санамайды
Жаңалықтар

Пашинян: Армения енді Ресейді «стратегиялық серіктес» деп санамайды

27.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist