18 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада Республика күні салтанатты жағдайда атап өтілді

25 Қазан 2025 18:10
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылордада Республика күні салтанатты жағдайда атап өтілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 25 қазан. Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара болып өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мерекелік салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сөз сөйлеп, аймақ тұрғындарын ұлық мейраммен құттықтады. Ол өз сөзінде сонымен қатар өңірдің даму бағыттары мен жетістіктеріне тоқталды.

«Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын маңызды мереке. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн»  деген еді. Бабаларымыздың арманы болған азаттықты аялау, халқымыздың татулығын сақтау – бәріміздің басты мұратымыз», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң өзгерістерге де назар аударды. Биыл облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асады. Соңғы үш жылда аймақ экономикасына 1 трлн 600 млрд теңге инвестиция құйылса, осы жылы 720 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады. 2025-2028 жылдары құны 2 трлн теңгеден асатын 89 инвестициялық жоба аясында 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Президент пен Үкіметтің ерекше қолдауымен облыс бюджеті 851 млрд 300 млн теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды. Даму бюджетінің көлемі 2021 жылы 47 млрд теңге болса, биыл 207 млрд теңгеге жетіп, 4,5 есе артты. Бұл қаражат халықтың өмір сапасын арттыруға, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталуда.

Республика күніне арналған салтанатта ел дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырылды.

Мерекелік іс-шара облыс өнерпаздарының концертіне ұласты.

Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің нышаны.

Қызылорда облысы ұлттық мерекені толайым табыстармен, жарқын жетістіктермен және елдік рухты асқақтатқан қуанышпен қарсы алды.

Таңбалар: марапатмерекесалтанатты жиын

Ұқсас мақалалар

Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді
Жаңалықтар

Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

05.10.2026
Маңғыстауда опат болған 14, сол апаттан аман шыққан 3 сарбаз марапатталды
Әлеумет

Маңғыстауда опат болған 14, сол апаттан аман шыққан 3 сарбаз марапатталды

27.09.2026
Сыр бойы теміржолшыларына лайықты құрмет көрсетілді
Аймақ

Сыр бойы теміржолшыларына лайықты құрмет көрсетілді

31.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist