11 Қараша, 14:11
RAST.kz
USD USD 447.52 ₸
EUR EUR 502.21 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасы өтті

23 Қазан 2026 19:28
- Дәулет, Жаңалықтар
Қызылордада «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасы өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 қазан. Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Сыр өңіріндегі егін жинау науқанының аяқталуына орай «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасы өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Онда ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер таныстырылып, жергілікті өндірушілердің өнімдері қойылған көрме ұйымдастырылды.

Аймақ басшысы ел ырысын еселеуге үлес қосқан дала еңбеккерлеріне алғысын білдірді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту, озық технологияларды енгізу, өнімдерді терең өңдеу мәселесін басты міндет ретінде айқындады. Ауыл шаруашылығы – облыс экономикасының жетекші салаларының бірі. Биыл саланы мемлекеттік қолдауға 37 млрд теңге бөлініп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе артты. Жылдың 9 айында ауыл шаруашылығында 178 млрд теңгенің өнімі өндірілді», – деді Мұрат Ергешбаев.

Оның айтуынша, «Кең дала-2» несие беру жобасының арқасында машина-трактор паркі жаңартылуда. Салаға тартылған инвестиция көлемі 25 млрд теңгеге, өсім 37 пайызға жеткен.

«Бүгінгі жетістіктеріміздің түп-тамыры – аға буын өкілдері мен ардагерлеріміздің қажырлы еңбегінде. Өмір бойы туған жердің өркендеуіне сүбелі үлес қосып, адал еңбегімен облыстың әлеуетін көтерген барша еңбек ардагерлеріне шексіз алғысымды білдіремін! Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен өнегелі жолдарыңыз – бүгінгі жас буын үшін баға жетпес мектеп», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Мерекеде жыл қорытындысымен өңірдің агроөнеркәсіп кешені саласында үздік жетістіктерге жеткен еңбек озаттары марапатталады.

Сонымен қатар саланы дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтар Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» және «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерін иеленді. Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы табысталып, озат еңбеккерлерге тоғыз автокөлік берілді.

«Үздік аудан» номинациясына Қармақшы ауданы, «Озат аудан» номинациясына егін шаруашылығы бойынша Жалағаш ауданы, мал шаруашылығы бойынша Жаңақорған ауданы лайық деп танылды.

Биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 7 100 гектарға артып, 193 700 гектарға жеткен. Соңғы жылдары су тапшылығына байланысты егісті әртараптандырудың маңызы артуда. Суды көп қажет ететін күріш егісі 10 900 гектарға оңтайландырылып, орнына тіршілік нәрін аз тұтынатын, рентабельділігі, экспорттық әлеуеті жоғары дақылдар егісі 20 мың гектарға жуық ұлғайтылды. Дән жүгері дақылының көлемі 5 есе артты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, су ресурстарын тиімді пайдалану және су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізуде жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Өткен жылы су үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы 8 100 гектар жерге егін егілсе, биыл бұл көрсеткіш 14 200 гектарға жеткізілді.

Осы жылға 30 млрд теңгенің 8 инвестициялық жобасы жоспарланған. Бүгінде 3 жоба жүзеге асырылса, қалған 5 жобаны жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Өңірде шетелдік инвесторлардың қатысуымен ірі инвестициялық жобалар қолға алынды. Республика күні қарсаңында жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Бұл өңірдің ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартуға, өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Таңбалар: Алтын дәнҚызылорда облысымереке

Ұқсас мақалалар

Сырдария ауданында жүгері кептіру мен сақтау кешені пайдалануға берілді
Аймақ

Сырдария ауданында жүгері кептіру мен сақтау кешені пайдалануға берілді

10.11.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

19.10.2026
Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады
Әлеумет

Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады

19.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • СЫРБАЗ

    СЫРБАЗ

  • Қызылордада Сахи Романовтың 100 жылдығына орай өткен суретшілер симпозиумы аяқталды

  • АРАЛ, НҰРТУҒАН, НЕГИМОВ ЖӘНЕ АМАНЖОЛ…

  • Трампты қандай тағдыр күтіп тұр?

  • Сырдария ауданында жүгері кептіру мен сақтау кешені пайдалануға берілді

  • Қызылордада Президент Жолдауын түсіндіру ақпараттық тобы бірнеше кездесу өткізді

  • Нейрохирургтер сирек ми патологиясы бар балаға бірегей операция жасады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 447.52 ₸
EUR EUR 502.21 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist