22 Қараша, 17:11
RAST.kz
USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Мерейлі отбасы – 2026» байқауының жеңімпазы атанған 20 отбасы марапат алды

3 Қараша 2026 22:20
- Жаңалықтар, Қайнар
«Мерейлі отбасы – 2026» байқауының жеңімпазы атанған 20 отбасы марапат алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 3 қараша. Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпазы атанған отбасыларын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Байқауда еліміздің әр өңірінен адал еңбегімен және ұрпақ тәрбиесіндегі өнегесімен көпке үлгі болған 20 отбасы жеңімпаз деп танылды.

Салтанатты жиынның құрметті қонақтары қатарында Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Құрылтай, Қазақстан халық кеңесі, аналар кеңесі мен әкелер одағының өкілдері және белгілі қоғам қайраткерлері болды.

Жеңімпаздарды Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев құттықтап, өз сөзінде отбасының рухани құндылықтарды сақтаудағы және ел келешегін қалыптастырудағы айрықша орын алатынына тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында адами әлеуетті арттырудың және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасаудың маңызын атап өтті. Адалдық пен мейірім, еңбекке құрмет бала бойына ең әуелі отбасында сіңеді. Үлкендердің күнделікті өнегесін көріп өскен ұрпақ сол қасиеттерді өміріне серік етеді. Әділетті қоғамның негізі де осындай тәрбиеден қаланады. Бүгін біз осы құндылықтарды өнегелі өмірімен танытып жүрген отбасыларға құрмет көрсетіп отырмыз. Әр шаңырақтың өмірден түйген тағылымы, берік ұстанған дәстүрі мен көпке үлгі болар игі істері бар. Сіздердің еңбектеріңіз бен игі істеріңіз арқылы жас ұрпақ отбасының қадірін, сыйластықтың мәнін, елге қызмет етудің маңызын түсінеді. Сондықтан осындай әулеттердің өмір жолы көпшілікке кеңінен таныстырылуы тиіс», – деді Арман Қырықбаев.

Президенттің 2026 жылғы 28 қазандағы Жолдауында адам капиталын дамытуға және саналы ұрпақ тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы бала тәрбиесі мен оның өмірлік ұстанымын қалыптастыруға отбасы, мектеп, ұстаз және оқушының өзі бірдей жауапкершілікпен қарау керектігін айтты. Осы тұрғыдан отбасы институтын нығайту, ата-ананың жауапкершілігін арттыру және ұрпақтар сабақтастығын сақтау бүкіл қоғам үшін маңызды.

«Мерейлі отбасы» байқауы ата дәстүрді сақтап, ұрпаққа өнегелі тәрбие берген отбасыларды көпшілікке үлгі етуді мақсат етеді. Жеңімпаздар қатарында көпбалалы және бала асырап алған отбасылар, еңбек пен өнер жолын ұрпақтан ұрпаққа жалғаған әулеттер бар. Қоғамдық өмірге белсене араласып, туған өңірінің дамуына үлес қосып жүрген отбасылар да марапатталды.

Жеңімпаз атанған 20 отбасының әрқайсысына естелік мүсінше мен 2 миллион теңгенің сертификаты тапсырылды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Ұлттық байқау адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін айшықтауға, өнегелі отбасылардың тәжірибесін дәріптеуге және отбасындағы дәстүрлерге құрметпен қарауға бағытталған.

Байқау басталғалы оған еліміздің барлық өңірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты.

Таңбалар: Астанамарапатмерейлі отбасы

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Астананың медициналық инфрақұрылымын дамыту жобаларымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Астананың медициналық инфрақұрылымын дамыту жобаларымен танысты

23.10.2026
Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді
Жаңалықтар

Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

05.10.2026
Маңғыстауда опат болған 14, сол апаттан аман шыққан 3 сарбаз марапатталды
Әлеумет

Маңғыстауда опат болған 14, сол апаттан аман шыққан 3 сарбаз марапатталды

27.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

  • Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist