18 Қазан, 06:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысының әкімі сала қызметкерлерін марапаттады

1 Наурыз 2026 14:53
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қызылорда облысының әкімі сала қызметкерлерін марапаттады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 1 наурыз. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Алғыс айту күніне орай бірқатар саланың қызметкерлеріне марапат тапсырды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Алғыс айту күнінде «Достық үйінде»  тұрғындардың қалыпты тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін салалардың қызметкерлерімен кездесті.

Оған Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы жиналған жұртшылыққа құттықтауын жеткізіп, еңбек адамдарының мәртебесі қашанда биік екенін айтты.

«Жарқын көктеммен жарасым тапқан бұл мереке адамдар арасындағы сыйластық пен тілектестікті, ризашылық пен шынайы құрметті арттырады. Айтулы күн қарсаңында тұрғындардың қалыпты тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін салаларда күннің ыстық-суығына қарамай, уақытпен санаспай еңбек ететін қызметкерлерге құрмет көрсету үшін бас қостық.  Сондай-ақ қасиетті Отанымызды қорғауда патриотизмнің нағыз үлгісін көрсетіп, өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындайтын айбынды әскери қызметшілерімізге, құқық қорғау саласы қызметкерлеріне, сын сағатта қайсарлық танытып, өзгенің өмірін сақтау үшін өз басын қатерге тігетін өрт сөндірушілер мен құтқарушыларымызға, шұғыл медициналық көмек көрсететін жедел жәрдем қызметкерлері мен жол саласы мамандарына, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген еріктілерімізге барша Сыр жұртшылығының атынан зор ризашылығымды, шынайы алғысымды білдіремін!», – деді облыс әкімі.

Ол өз сөзінде жиналғандардың әрбірінің адал еңбегі барлық құрметке лайық екенін айтты.

Аймақ басшысы сондай-ақ Президент Жарлығымен жаңа Конституцияға арналған республикалық референдумды 2026 жылғы 15 наурызға белгіленгенін еске салып өтті.

«Бұл – еліміздің жарқын келешегі үшін өз таңдауымызды жасап, қастерлі Отанымыздың берік негізін қалауға берілген тарихи мүмкіндік. Конституция жобасында Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы сақталып, мемлекеттің унитарлы сипаты мен шекарасына, аумақтық тұтастығына қол сұғуға болмайтыны нақтыланған. Елдігіміздің басты нышаны саналатын жаңа құжатта «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты айқындалған.Ұлтымыздың тарихына алтын әріппен жазылатын саяси маңызды кезеңде Сыр жұртшылығы жаңа Конституция жобасын қолдайды деп сенеміз. Баршаңызды осы іске жоғары жауапкершілікпен белсенді атсалысуға шақырамын! Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жолындағы еңбектеріңіз жемісті әрі табысты болсын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев соңында.

Жиында Руслан Рүстемов сөз сөйледы. Сонымен қатар бірқатар сала мамандары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Таңбалар: Алғыс айтуҚызылорда облысымарапат

Ұқсас мақалалар

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті
Әлеумет

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

15.10.2026
Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді
Жаңалықтар

Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

05.10.2026
Маңғыстауда опат болған 14, сол апаттан аман шыққан 3 сарбаз марапатталды
Әлеумет

Маңғыстауда опат болған 14, сол апаттан аман шыққан 3 сарбаз марапатталды

27.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist