26 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысының әкімі Жаңақорған ауданындағы нысандармен танысты

31 Шілде 2023 22:04
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылорда облысының әкімі Жаңақорған ауданындағы нысандармен танысты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЖАҢАҚОРҒАН, 31 шілде. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапарымен Жаңақорған ауданында болып, бірқатар жаңа әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жанақорған ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты», – делінген хабарламада.

Аймақ басшысы ат басын әуелі Жайылма ауылдық округіне бұрды. Ол осында салынып жатқан 150 орындық клубтың құрылыс алаңына аялдады. Нысанның бас мердігері – «Астана Сервис ЛТД» ЖШС құрылысты 2021 жылы тамыз айында бастаған екен. Енді ол белгіленген межеге сай, алдағы тамыз айында пайдалануға берілуге тиіс.

Облыс әкімі бұдан әрі осы ауылдық округтегі шаруа қожалығының егістік алқабына ат басын тіреді.

Жалпы, биыл Жаңақорған ауданында 38 мың гектарға жуық жерге майлы және мал азығындық дақылдар, картоп, көкөніс-бақша дақылдары егілген. Бұдан басқа, облыс әкімінің тапсырмасымен картоп, көкөніс-бақша шаруасымен шұғылдануға ынталы азаматтарға 295 гектар жер дайындалып берілген еді. Өткен жылдан бері ауылдарда өздерін қажетті азық-түлікпен қамтуға және қосымша табыс табуға ниет білдірген отбасыларға осындай қолдау шарасы қарастырылған.

Бұдан кейін аймақ басшысы Жаңақорған кентіндегі 300 орындық мектеп үйінің құрылысын өз көзімен көрді. Ол 2020 жылдан бері салынып жатыр, алдағы оқу жылында пайдалануға берілмекші. Ондағы жұмыстардың жайымен танысқан әкім ғимарат құрылысын сапалы етіп жүргізіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сапар соңында Нұрлыбек Машбекұлы аудан орталығындағы С.Қожанов көшесінің бойына орналасқан теміржол өткеліне барды. Ұзындығы 92 метрлік көпір өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған. Енді нысанның техникалық жағдайына сараптама жасалмақшы. Егер әлі де пайдалануға жарамды болса, оған қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Таңбалар: әкімЖаңақорған ауданыҚызылорда облысыНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Аймақ

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

23.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты
Аймақ

Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты

13.08.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Дәулет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

12.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist