11 Қараша, 15:11
RAST.kz
USD USD 447.52 ₸
EUR EUR 502.21 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Нұрлыбек Нәлібаев еліміздің ең биік таулы жеріндегі көлік көпірінің ашылуына қатысты

31 Қазан 2026 12:02
- Дәулет, Жаңалықтар
Нұрлыбек Нәлібаев еліміздің ең биік таулы жеріндегі көлік көпірінің ашылуына қатысты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ӨСКЕМЕН. 31 қазан. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев кеше Шығыс Қазақстан облысында еліміздегі ең биік таулы жердегі көлік көпірдің ашылуында болды. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы өзінің бұдан үш күн бұрын Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және жол инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты тапсырма берген еді. Осы тапсырмаларды орындау Үкімет жұмысының маңызды басымдықтарының бірі болмақ.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарында алдымен Өскемен қаласының Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы көшесі қиылысындағы жаңа жол айырығының құрылысы барысын көрді. Мұндағы қозғалыс қауіпсіздікті ескере отырып, кезең-кезеңімен ашылады.

Нұрлыбек Нәлібаев жауапты басшыларға құрылыс мерзіміне және жұмыс сапасына қатысты міндеттер жүктеді. Есеп бойынша жолайрықтың өткізу қабілеті тәулігіне 85 мыңнан 200 мыңнан астам көлікке дейін артады.

Үкімет жетекшісінің бірінші орынбасары жұмыс сапары аясында Тереңсай асуын айналып өтетін жолдың және Пихтовка өзені арқылы өтетін көпірдің ашылу салтанатына қатысты. Бұл – өңірдегі көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыратын, елді мекендер арасындағы байланысты жақсартатын жобалар.

Пихтовка өзені үстінен өтетін ұзындығы 175 метрлік көпір шатқалдан 45 метр биікте орналасқан. Бұл – Қазақстандағы ең биік таулы жердегі көлік көпірі. Таудың қия беткейі, терең шатқалы мен күрделі табиғи жағдайда салынған жаңа нысан осы аймақтың геологиялық, табиғи ерекшеліктері есепке алынған инженерлік шешімдерді, заманауи технологияларды қажет етті. Жеті аралықтан және сегіз тірек бағанадан тұратын көпір құрылысы айналма жолды салудағы ең жауапты кезеңнің бірі болды.

Тереңсай асуы жүргізушілер үшін күрделі учаскелердің бірі еді. Әсіресе қыс мезгіліндегі қарлы боран мен көктайғақ жолдағы жағдайды қиындатып, көлік қозғалысын уақытша шектейтін. Асудың күрделі бұрылыстары мен тік өрлері де жүргізушілерден ерекше сақтықты талап ететін. Енді бұл бағыттағы қозғалыс жаңа арнаға көшеді. Ұзындығы шамамен 12 шақырым болатын айналма жол көліктерге қауіпті серпантинге соқпай, асуды айналып өтуге мүмкіндік береді.

«Бұл – өңір үшін ғана емес, еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту жолындағы да маңызды оқиға. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкімет алдағы уақытта да еліміздің көлік инфрақұрылымын жаңғырту және өңірлердің транзиттік мүмкіндіктерін кеңейту жұмыстарын жалғастырады. Бүгінгі жаңа жол Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, өңірдің туристік және инвестициялық әлеуетін арттыра түссін! Баршаңызды осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жаңа жол сапар уақытын қысқартып қана қоймайды, ең бастысы, жол-көлік оқиғаларының қаупін азайтып, жолаушылар мен жүк тасымалын тұрақтандырады. Ауа райы қолайсыз кезде де қозғалыс шектелмейді. Өскемен қаласы мен Алтай, Үлкен Нарын және Қатонқарағай аудандары арасындағы көлік қатынасын жақсартады. Бұл бағытпен күнделікті қатынайтын тұрғындар үшін де, жүк тасымалдаушылар мен туристер үшін де жолдың қауіпсіз әрі қолайлы болғаны маңызды.

Сонымен қатар жаңа бағыт Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін дамытады. «Бұқтырма» су қоймасына, «Қатонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне және «Рахман қайнары» шипажайына баратын саяхатшыларға қолайлы болады. Осылайша өңірдің көрікті жерлеріне келетін туристер ағыны артады. Жаңарған жол инфрақұрылымы экономикалық және әлеуметтік байланыстарды нығайтып, шалғай елді мекендер тұрғындарының жол қатынасын жақсартады.

Сапар барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары гематология орталығының ашылуына қатысты, стратегиялық маңызы бар екі энергетикалық нысан – Өскемен СЭС-і мен Өскемен ЖЭО-сына барды. Өскемен СЭС-індегі төртінші гидроагрегатты жаңғырту жұмыстарын көріп, жабдықтардың тиімділігін, сенімді жұмысын қамтамасыз етуге қатысты тапсырмалар берді.

Таңбалар: көпірНұрлыбек НәлібаевӨскемен

Ұқсас мақалалар

Бірінші Вице-премьер Өскеменде гематология орталығы ашылуына қатысты
Әлеумет

Бірінші Вице-премьер Өскеменде гематология орталығы ашылуына қатысты

31.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

19.10.2026
Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады
Әлеумет

Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады

19.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • СЫРБАЗ

    СЫРБАЗ

  • Қызылордада Сахи Романовтың 100 жылдығына орай өткен суретшілер симпозиумы аяқталды

  • АРАЛ, НҰРТУҒАН, НЕГИМОВ ЖӘНЕ АМАНЖОЛ…

  • Трампты қандай тағдыр күтіп тұр?

  • Сырдария ауданында жүгері кептіру мен сақтау кешені пайдалануға берілді

  • Қызылордада Президент Жолдауын түсіндіру ақпараттық тобы бірнеше кездесу өткізді

  • Нейрохирургтер сирек ми патологиясы бар балаға бірегей операция жасады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 447.52 ₸
EUR EUR 502.21 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist