22 Шілде, 05:07
RAST.kz
USD USD 469.59 ₸
EUR EUR 536.22 ₸
RUB RUB 5.96 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысында «Қарлан» көпірінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

20 Шілде 2026 23:10
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылорда облысында «Қарлан» көпірінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 20 шілде. Сыр бойындағы маңызды инфрақұрылымдық жоба – «Қарлан» көпірінің құрылысы қарқынды жүруде. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегі сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қызылорда облысының Қазалы ауданында жүзеге асырылып жатқан ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Қазалы–Қожабақы–Бозкөл–Кәукей» автомобиль жолының 16-шақырымындағы «Қарлан» учаскесінде салынып жатқан көпір құрылысы белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес қарқынды жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Өңірдің көлік қатынасын жақсартуға бағытталған бұл жоба елді мекендер арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың бір-бірлеріне қауіпсіз әрі қолайлы қатынауларына жаңа мүмкіндік қалыптастырады.

Жалпы құны 6 млрд 746 млн теңгені құрайтын жоба Сырдария өзені арқылы өтетін көпір өткелі мен оған жалғасатын кірме жолдардың құрылысын қамтиды. Нысанның жалпы ұзындығы 2,5 шақырым болса, оның 248,29 метрін көпірдің өзі, ал 2,3 шақырымын кірме жолдар құрайды. Заманауи инженерлік талаптарға сай бой көтеріп жатқан нысан ауданның көлік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруге негіз болмақ.

Қазіргі таңда мердігер мекеме – «НұрлыТау ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарының негізгі кезеңдерін жүйелі түрде жүзеге асыруда. Жоспарланған 84 дана свай толық қағылып, сегіз тіреудің алтауы орнатылған. Сонымен қатар көпірдің негізгі тірек конструкцияларын монтаждау, бетон тіреулерін құю, кірме жолдарға топырақ төсеу және жер төсемін нығайту жұмыстары қатар атқарылуда.

Құрылыс алаңында 30 арнайы техника мен 80-ге жуық маман еңбек етуде. Әрбір құрылыс кезеңі техникалық талаптарға сәйкес орындалып, жұмыстардың сапасы мен мерзіміне тұрақты бақылау жүргізілуде.

Жоба толық аяқталғаннан кейін көпір өткелі заманауи талаптарға сай жарықтандырылып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті инфрақұрылыммен жабдықталады. Бұл өз кезегінде Сырдария өзенінің арғы бетіндегі елді мекендердің көлік қатынасын едәуір жеңілдетіп, өңір тұрғындарының күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасайды.

«Қарлан» көпірінің құрылысы – жай ғана инженерлік нысан емес, ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Сондықтан құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы басты назарда. Жауапты мекемелер тарапынан құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, барлық жұмыстарды құрылыс нормалары мен талаптарына сай орындауға басымдық берілуде.

Таңбалар: Қазалы ауданыҚарлан көпіріҚызылорда облысы

Ұқсас мақалалар

Ожаров: Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, қылмыс 10 пайызға азайды
Аймақ

Ожаров: Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, қылмыс 10 пайызға азайды

09.07.2026
Сыр бойында «Turgyndar amanaty» партия жобасымен форум өтті
Аймақ

Сыр бойында «Turgyndar amanaty» партия жобасымен форум өтті

12.05.2026
Қызылорда облысының жаңа әкімі құрылыс нысандарымен танысты
Аймақ

Қызылорда облысының жаңа әкімі құрылыс нысандарымен танысты

11.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

    Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

  • Әлемжеліде Путиннің 2026 жылғы 19 шілдеде өмірден өтетіні жайлы хабар тарады

  • Қадыров Украинаға қолдау көрсететін НАТО елдеріне соққы беруге шақырды

  • Қызылордада қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды

  • ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

  • Ресей авиаотын бермек болып, бензинді Қазақстаннан сатып ала бастады

  • Кахетиде ресейлік әйелді ұрған жергілікті азамат қамауға алынды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 469.59 ₸
EUR EUR 536.22 ₸
RUB RUB 5.96 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist