23 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысы құрылыс қарқыны жағынан алдыңғы лекте тұр

22 Желтоқсан 2025 22:04
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылорда облысы құрылыс қарқыны жағынан алдыңғы лекте тұр

default

Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 22 желтоқсан. Қызылорда облысы елімізде құрылыс көлемі бойынша өңірлер арасында көш бастаушылар қатарына қосылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналды. Аймақта 2022 жылдан бері 200-ге жуық халыққа қажетті әлеуметтік нысан салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде берген брифингінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев осы мәселеге де тоқталып өтті.

«Аймағымызда соңғы 3 жылда алғаш рет барлық ауданда жаңадан тұрғын үйлер салынып, 1 800-ге жуық, атап айтқанда 2023 жылы 430, 2024 жылы 1015, 2025 жылы 332, жалпы 1777 пәтер жерлестерімізге табыс етілді. Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үйлер салуға бюджеттен 58 млрд 785 млн теңге бөлінді.

Біздің ең бірінші міндетіміз – балаларымыздың жан-жақты сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру», – деді ол.

Айтуынша, бұл салада «Білімді қолдау қорынан» бһлінген 8 млрд 400 млн теңге қаржыға физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты бой көтерген.

Сол сияқты аталған қор есебінен 2 млрд 333 млн теңгеге салынған Арал ауданы «Мергенсай» ауылындағы 150 орындық мектеп жақын күндері пайдалануға беріледі.

Қызылорда қаласында құрылысына 11 млрд теңге қаралған балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» академиясы, Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі аудандарында 3 млрд теңгеден астам қаржыға Оқушылар үйі мен Өнер мектебі, облыс орталығында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының демеушілігімен 2 млрд 500 млн теңгеге заманауи Оқушылар сарайы ашылды. «Саутс Ойл» компаниясы музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты мен жатақханасын салуға 4 млрд 800 млн теңге демеушілік жасады.

«Қазіргі уақытта Президент саябағында жыл бойы жұмыс істейтін заманауи балалар тынығу лагері, Ботаникалық білім беру орталығы бой көтеріп келеді. Сондай-ақ, жұмысшы мамандарды даярлауға арналған «Құзыреттілік орталығы» ғимараты да басталды», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында облыс көлемінде көркейту-көгалдандыру, ауыл аймақтарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Биыл қалалық мәдени-демалыс паркі қайта жаңғыртудан өтті. Қорқыт Ата мемориалды аллеясы да жаңғыртудан кейін жайлы демалыс орнына айналды.

Жаңарған Президент саябағы тұрғындар көп жиналатын қаладағы көрікті орындардың бірі болады. Бүгінде саябақта бес жұлдызды қонақүй салынуда. Сырдария өзені үстінен «Астана» шағын ауданы мен екі аралықты байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі құрылысы жоспарланған.

Өңірде 2023 жылдан бері облыстық «Үлгілі елді мекен» конкурсы тұрақты өткізіліп келеді. Үлгілі ауылдарға облыстық бюджет қаржысына алынған 67 арнайы техника табыс етілді.

default

Таңбалар: құрылысҚызылорда облысыНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Абай облысында Ақтоғай металлургия кешенінің іргетасы қаланды (видео)
Жаңалықтар

Абай облысында Ақтоғай металлургия кешенінің іргетасы қаланды (видео)

21.10.2026
Қызылордада заманауи «Terra Green» жылыжайы кешенінің іргесі қаланды
Дәулет

Қызылордада заманауи «Terra Green» жылыжайы кешенінің іргесі қаланды

21.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

19.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

  • Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist