18 Қазан, 16:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылжарда жалпыұлттық аза тұту күнін мансұқ еткен блогер қамауға алынды

29 Қыркүйек 2026 20:56
- Жаңалықтар, Қайнар
Қызылжарда жалпыұлттық аза тұту күнін мансұқ еткен блогер қамауға алынды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛЖАР. 29 қыркүйек. Қызылжарда блогер Ирина Антоненко жанжалды эфирден кейін үлкен шумен ұсталды. Бұл туралы sko24.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Қызылжарлық блогер Ирина Антоненко тағы да үлкен жанжалдың ортасында қалды. Бұл жолы оның шулыған оқиғасы үшін 10 күнге қамауға алынумен аяқталды. СҚО полиция департаменті жағдайға түсіндірме беріп, қала тұрғынының темір торда отырған суреттерін таратты.

«Тұтқындаудың себебі оның жалпыұлттық аза тұту күні тікелей эфирдегі әрекеті болды. Бүкіл ел қайғылы жағдайға тап болған кезде, Ирина көңілді және би билеп, әскери қызметшілердің өлімі туралы кері кеткен әңгіме айтты», – делінген sko24.kz хабарламасында.

Әлеуметтік желі қолданушылар Ирина Антоненконың қамауға алынғаны туралы жаңалыққа: «Би билеп болды ма?» деген мәнермен кекесін жауап қайтарды. Бұл сұраққа блогер енді тез арада жауап бере алмайды, көрермендер оны алдағы 10 күнде эфирден көрмейді. Алайда әйелдің аза тұту күнінде қасақана істеген жанжалды қойылымы ұзақ уақыт бойы есие сақталады.

Еске сала кетейік, аза тұту күні Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Ирина көңілді музыкаға билеген видеосын жариялап, тікелей эфир өткізді. Трансляция кезінде көрермендер блогерге оның мінез-құлқы туралы ескертулер жасай бастады, оған жауап ретінде Ирина болған оқиға туралы өз пікірін білдірді.

«Қандай сандырақ бұл, солай ма? Күн сайын барлық жерде біреу өледі, мен енді солардың бәрін жоқтай беруім керек, не? Мен бұл адамдарды мүлдем танымаймын. Менің бұлай қара жамылуым үшін ол менің ұлым немесе күйеуім болуы керек», – деді блогер.

Жанжалдың ауқымы тез арада Қызылжар ауқымынан шығып, бүкіл елге тарады, қоғамда қатты резонанс тудырды. Кейінірек блогер көпшілік алдында кешірім сұрады және эфирге дейін трагедия туралы білмегенін айтты, бірақ жұрт оны жауапқа тартуды талап ете берді.

«Мен сол күні эфирге не үшін шыққанымды білмеймін. Ролик түсірдім, өйткені маған әйтеуір бір нәрсе қою керек болды. Менің көңіл-күйім ештеңені білдірмеді. Мені шайтан азғырды… Эфирде маған жұрт бүгін аза тұту күні екенін жаза бастады, ал мұның бәрі маған жетпеген, менің санама жетпеген сияқты… Мен мұны әдейі жасағам жоқ, мен шынында білмедім… Менің көңіл айтуымды қабыл алыңыздар, мен ақымақты кешіріңіздер», – деді видеода блогер.

Антоненкомен әуелі профилактикалық әңгіме жүргізілді, бірақ бүгін белгілі болғандай, оқиға мұнымен аяқталмады. Пайдаланушылар бұл жағдаятты мұның алдында Шымкентте орын алған осындай оқиғамен байланыстырады, онда 21 жастағы Нұрахмет Бердібай деген есалаң тікелей эфир кезінде тап осы тақырыпта айтқан арандатушылық және арсыз сөздері үшін 10 тәулікке қамауға алынған болатын. Полицияның мәліметінше, ол аза тұту күніне байланысты көрерменнің сұрағына жауап бере отырып, қоғамға деген құрметсіздікті көрсететін және қоғамдық тәртіпті бұзатын мәлімдемелер жасаған.

Ирина Антоненконың әкімшілік қамауға алынуы туралы Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде түсіндірме берілді.

«Полиция бұзық әйелдің Қызылжар қаласының 42 жастағы тұрғыны Ирина Антоненко екенін анықтады, ол 25 қыркүйекте Жалпыұлттық аза тұту күні әлеуметтік желілерде тікелей эфир кезінде құқықтық баға алған іс-әрекеттерге жол берді. Осы факті бойынша полиция тексеру жүргізді, материалдар жинап, сотқа жолдады. Сот 29 қыркүйекте әйелге ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 күндік әкімшілік қамауға алуды тағайындады. Факт заңда белгіленген тәртіппен құқықтық бағаланды. «Заң және тәртіп» қағидаты барлығына қатысты», – деп атап өтті ведомстводағылар.

Айта кету керек, осы жылдың мамыр айында Ирина Антоненко тағы бір жанжалды оқиғаға қатысты көзге түсіп қалған.

Оның Жеңіс саябағы аумағынан түсірген ролигі қоғамда наразылық туғызды. Ондда Ирина раритет есебіндегі жүк машинасының капотына шығып, етегін ашып жайып жіберіп, өзінің сән трегін жасап, репортаж жүргізген. Жұртты осы фактінің өзі ашуландырды. Ол ардагерлер рухын аяққа таптады деп есепителінді.

Таңбалар: Аза тұту күніИрина Антоненкокелеке

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist