11 Шілде, 22:07
RAST.kz
USD USD 464.71 ₸
EUR EUR 531.26 ₸
RUB RUB 6.05 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Қыс-2025» оқу-жаттығуының практикалық кезеңі мәреге жетті

21 Қараша 2025 16:04
- Аймақ, Жаңалықтар
«Қыс-2025» оқу-жаттығуының практикалық кезеңі мәреге жетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АРАЛ. 21 қараша. Қызылорда облысының Арал ауданында «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуының практикалық кезеңі өткізілді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қызылорда облысының азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын пысықтау, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағытында үйлестіруді күшейту үшін 2025 жылдың 20-21 қарашасында өңірде «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді», – делінген хабарламада.

​«Қыс-2025» оқу-жаттығуы қыс мезгіліндегі қауіп-қатерлердің алдын алуға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мақсаты – «Қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғаудың мемлектетік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау». Аталмыш оқу-жаттығуға азаматтық қорғау құрылымдары, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер жұмылдырылды.

​20 қарашада азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің техникаларының саптық қарауы мен жиыны да орын алды.

​Оқу-жаттығуды өткізу орнында жедел штаб құрылып, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде азаматтық қорғаудың бағынысты күштері мен құралдары іс-қимылдарының үйлесімдігі мен өзара іс-қимылды жетілдіруі нақтыланды. Оқу-жаттығудың практикалық кезеңіне Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев қатысты. Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Бекболат Әбдіқадыров  жалпы оқу-жаттығудың өткізілу барысына жетекшілік жасады.​

​21 қарашада сағат 9:00-де №1 практикалық оқу-жаттығу – КAZ-06 «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» автожолының 1357 шақырымында өтті. Ол қыс мезгіліндегі жол-көлік оқиғасы кезіндегі іс-қимылға арналды.

Оқу-жаттығудың шартына орай, жолаушылар автобусы жеңіл автокөлікпен «соқтығысты», салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алды, жолаушылар автобусында бірнеше азамат «жарақаттанып», жеңіл автокөліктің жүргізушісі көліктің ішінен шыға алмай, қыстырылып қалды. Соқтығысқан автокөліктерге авариялық-құтқару жұмысын жүргізу, адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау, жылы орынмен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету, төтенше жағдай зардаптарын жою бағытында тиісті іс-қимылдар жүргізілді. Жаттығу 32 адам мен 12 техника қамтыды.

​Сағат 11:00-де Арал аумағында теміржол желісінде №2-ші практикалық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Ол жолаушылар поезының вагонында өрт оқиғасы орын алып, поезд қозғалысы бірнеше сағат тоқтауы жайын қарастырды. Вагонда туындаған «өрт» сөндірілді. Адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау, жылы орынмен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету, ТЖ зардаптарын жою жұмысы жүргізілді. Оған авариялық құтқару құрылымдарынан 20 техника, 53 адам жұмылдырылды.

​Сағат 13:00-де №3 оқу-жаттығу жүзеге асты. Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес, Арал ауданында «қарлы боран» болды. Мал-жанға қолайсыз климат орын алып, салдарынан жол таппай адасқан, мал тасымалымен айналысатын 2 азамат жоғалды. Оларды іздестіру-құтқару жұмысы ұйымдастырылып, далалы жерден адасқан азаматтарды тауып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Аталмыш практикалық оқу-жаттығуға – іздестіру-құтқару жұмыстарына 14 техникасыме 64 қызметкер, сонымен бірге 1 кинологиялық есеп тобы белсене қатысты.

​Жалпы, 2025 жылғы 20-21 қарашасында өңірде ұйымдастырылған «Қыс-2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуға 1154 адам, 339 техника, 1 кинологиялық топ қатыстырылды.

 

Таңбалар: Арал ауданыҚызылорда облысыҚыс операциясытөтенше жағдай

Ұқсас мақалалар

Ожаров: Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, қылмыс 10 пайызға азайды
Аймақ

Ожаров: Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, қылмыс 10 пайызға азайды

09.07.2026
Сыр бойында «Turgyndar amanaty» партия жобасымен форум өтті
Аймақ

Сыр бойында «Turgyndar amanaty» партия жобасымен форум өтті

12.05.2026
Қызылорда облысының жаңа әкімі құрылыс нысандарымен танысты
Аймақ

Қызылорда облысының жаңа әкімі құрылыс нысандарымен танысты

11.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

    Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялады

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

  • Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 464.71 ₸
EUR EUR 531.26 ₸
RUB RUB 6.05 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist