10 Қыркүйек, 10:09
RAST.kz
USD USD 456.89 ₸
EUR EUR 531.36 ₸
RUB RUB 5.32 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қосшы қаласында заманауи үлгідегі жаңа емхана пайдалануға берілді

15 Қаңтар 2026 21:49
- Аймақ, Жаңалықтар
Қосшы қаласында заманауи үлгідегі жаңа емхана пайдалануға берілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚОСШЫ. 15 қаңтар. Бүгін елорданың іргесіндегі Қосшы қаласында бір ауысымда 1 000 адамды қабылдай алатын жаңа заманауи емхана ашылды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ақмола облысының Қосшы қаласында бір ауысымда мың адамды қабылдауға арналған емхананың құрылысы аяқталды. Медициналық нысанның құрылысы Мемлекет басшысының 2024 жылғы тамыз айында Қосшы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында бастау алған болатын. Емдеу мекемесінің ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, медициналық қауымдастық өкілдері мен қала депутаттары қатысты.

Жобаның инвесторы – «VIAMEDIS KOSSHY» ЖШС, жалпы құны шамамен 30 млрд теңгені құрайды. Жоба мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбей, компанияның жеке қаражаты есебінен толықтай жүзеге асырылды.

Емхана алғашқы медициналық-санитарлық, шұғыл, жоспарлы, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге арналған заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен қамтылған. Медициналық мекеме Қосшы қаласының 100 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді.

«Жаңа емхананың ашылуы Астана агломерациясындағы медициналық қызмет көрсету мәселесін шешіп, Көкшетау мен Астана қалаларындағы облыстық ауруханаларға түсетін жүктемені азайтады. Мұнда Қосшы тұрғындары сапалы әрі білікті медициналық көмек алуы үшін ең заманауи жабдықтар сатып алынды. Соңғы 4 жылда қала қарқынды дамып келеді: бас жоспар бекітілді, газ жүргізілді, әлеуметтік нысандар салынуда. Бұл медициналық мекеменің ашылуы – Қосшының дамуының жаңа кезеңі», – деп атап өтті өңір басшысы емхана ұжымымен кездесу барысында.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қосшы тұрғындарын қала өміріндегі маңызды оқиғамен құттықтап, емхана ұжымына сәттілік тіледі.

«Медициналық мекеме құрылысына жеке инвестиция тарту бойынша осындай ірі жоба аймақта алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Мемлекет мұндай бастамаларды қолдайды және медицина қызметкерлері мен халық үшін заңнамалық деңгейде жағдай жасауда», – деді министр.

Жыл соңына дейін 350 төсек-орынға арналған стационардың құрылысы аяқталады деп жоспарлануда, оның ішінде Қосшы қаласы мен Ақмола облысының Шортанды, Ерейментау, Егіндікөл, Аршалы, Қорғалжын, Целиноград және Астрахан аудандары тұрғындарына арналған 50 реабилитациялық төсек қарастырылған. Жалпы емхана мен стационарда 700-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ инвестор медициналық қызметкерлерге арналған пансионат пен тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.

Таңбалар: ашылу рәсіміемханаҚосшы

Ұқсас мақалалар

Қызылордада 22 жыл бұрын қайтыс болған ер адамды емханаға тіркеп қойған
Әлеумет

Қызылордада 22 жыл бұрын қайтыс болған ер адамды емханаға тіркеп қойған

06.09.2026
Арал қаласында жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауыты ашылды
Дәулет

Арал қаласында жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауыты ашылды

12.07.2026
Қызылорданың сол жағалауында 500 орындық емхана бой көтереді
Жаңалықтар

Қызылорданың сол жағалауында 500 орындық емхана бой көтереді

19.02.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Қызылордада Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы талқыланды

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін тағы да бірқатар кадрлармен толықтырды

  • Қызылордада 22 жыл бұрын қайтыс болған ер адамды емханаға тіркеп қойған

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Үкімет құрамы жасақталып бітті: кейбір салаларда министрлер ауысты

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.89 ₸
EUR EUR 531.36 ₸
RUB RUB 5.32 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist